Бейнет түбі – зейнет

Жаңалықтар
02.10.2026, 09:01
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазтеміртранс» АҚ ұжымы компанияның клиенттермен жұмыс департаментінің шағымдарды қарау және реттеу тобының бас менеджері Гузель Абушахминаны құрметті зейнет демалысына салтанатты түрде шығарып салды.

Теміржол саласына 30 жылдан астам өмірін сарп еткен тәжірибелі маманды компанияның бас директоры Александр Ширяев бастаған ұжым құттықтап, оның көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі, жауапкершілігі және компанияның жұмысына, жалпы теміржол саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс айтты.

Гузель Абушахминаның теміржол саласындағы кәсіби жолы 1991 жылы Тастақ станциясында жүк қабылдаушы болып басталды. Дәл осы жерден ол кәсіби маман болып қалыптасты. Теміржол саласына деген қызығушылық, білсем, меңгерсем деген ұмтылыс және жүк тасымалының ерекшелігін терең түсіну оған үлкен мансаптық жолдан өтуге мүмкіндік берді.  

Жүк және коммерциялық жұмыс бойынша жетекші инженер, бөлім бастығы, бас сарапшы және бас менеджер болып жұмыс істеді. Қай қызметті атқарса да талапшылдығы, нормативтік-құқықтық базаны терең білуі, көптеген құжаттармен жұмыс істей алуы, даулы жағдайларды объективті бағалауы және барлық тараптардың мүдделерін ескеретін шешімдерді табуы оның абыройын арттырды.  

Жүк тасымалдау және шағымдарды реттеу мәселелерінде айтарлықтай кәсіби тәжірибе жинақтады. Өз қызметінде халықаралық тасымал және тиісті нормативтік құжаттар мен келісімдерді қолданумен байланысты мәселелер бойынша жұмыс істей отырып, ТМД елдерінің теміржол әкімшіліктерімен өзара ынтымақтастықта жұмыс істеді.  

– Біздің сала – үлкен сағат механизмі сияқты, мұнда әр құрылым үйлесімді жұмыс істеуі керек. Мен әрқашан сене алатын адам болуға тырыстым, әсіресе қиын жағдайда мәселені оңтайлы шешуге барымды салдым, – дейді Гузель Абушахмина.  

Кәсіби жолын енді ғана бастаған жас мамандарға бәрін түсініп, бәрін меңгеріп, нағыз маман болып қалыптасу үшін қызметті ең төменгі лауазымнан бастау керектігін айтты. Сонымен қатар сүйікті ұжымына өзіне көрсетілген қолдау мен жүктелген сенім, компанияда жұмыс істеген уақытында қалыптасқан жылы қарым-қатынас үшін алғысын білдірді.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады