Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті

Жаңалықтар
14.10.2026, 09:52
Оқуға 2 мин

2026 жылдың 9 айында Қазақстан арқылы өтетін транзиттік жүк көлемі 13,1%-ға артты. Бұл туралы Қазақстан Үкіметінің отырысында көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров мәлімдеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Саланың басқа бағыттарында да оң динамика байқалады. Теміржол көлігімен 241,7 млн тонна жүк тасымалданды. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3%-ға артық. Автомобиль көлігімен тасымалданған жүк көлемі 270,4 млн тоннаға (5,6%-ға) жетті. Отандық әуе компаниялары 12,4 млн жолаушыға қызмет көрсетті. Бұл өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы көрсеткіштен 4,2%-ға жоғары.

Инфрақұрылым дамып келеді. 101 теміржол вокзалы жаңартылып, жаңа 20 халықаралық әуе бағыты ашылды. Балқаш, Арқалық, Павлодар және Ақтау қалаларындағы әуежайлар жаңғыртылды.

«Автомобиль жолдары саласында Ақтөбе – Қызылорда, Бейнеу – Сексеуіл, Сарыағаш айналма жолы, Орталық – Батыс және Қарағанды – Жезқазған бағыттарындағы жаңа жобалар бойынша жұмыстар басталды», – деп атап өтті вице-министр.

Жол-құрылыс материалдарының электронды базасы қалыптастырылып, олардың сапасын бақылауды күшейтуге мүмкіндік беретін «Е-Жолы» ақпараттық жүйесі құрылды. Авиация саласында да бірқатар нәтижеге қол жеткізілді. 20 жаңа халықаралық әуе бағыты ашылды. Балқаш, Арқалық, Павлодар және Ақтау қалаларындағы әуежайлар жаңартылды.

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында автожолдар сапасын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа барлық мәселені егжей-тегжейлі талдап, нақты ұсыныстар енгізу тапсырылды. 

Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты