Семейдегі көпір күрделі жөндеуден өтуде

Жаңалықтар
24.06.2019, 10:04
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейдегі Ертіс өзені үстінен салынған теміржол көпірін күрделі жөндеуден өткізу жұмысы басталып кетті. Нысанның зерттеу-сынамалық жұмыстары 20 жылға жуық жүргізіліп, тек өткен жылы ғана толық аяқталған болатын. Қазіргі күні Семей ЖТ бөлімшесі бойынша темір конструкциялы көпірге байланысты барлық құжаттамалар жинақталды.

Түрксіб құрылысының бұл бірегей туындысының қолданысқа берілгеніне биыл тұп-тура 90 жыл толып отыр. 1929 жылы салынып біткен. Жалпы ұзындығы 643,9 метрді құрайды. 2006 жылы алматылық көпір сынамасын жүргізетін компания зерттемелік жұмыстар жасап, нәтижесінде нысанның темір конструкциялары қанағаттанарлық жағдайда емес деп таныған болатын. Осыдан соң көпірдегі пойыз жылдамдығы 25 км/ сағатқа шектелген еді. Сондай-ақ, ауыр салмақты жүк пойыздарына да елеулі шектеу бар.

Ал, күрделі жөндеу жұмыстарын алматылық мердігер мекеме «Мостоотряд-8» ЖШС біртіндеп бастап кетті. Белгіленген жоспар бойынша биылғы жылы атқарылар шаралардың 70 пайызы орындалмақ. Қалған жұмыстар көлемді болуы себепті келер жылы жалғасатын болады. Бұл мақсатта 1 млрд 918 млн теңгенің қаражаты бөлінген болатын. Қазіргі күні жұмыс күші мен қажетті техникалар жеткілікті деп бағалануда.

Оңтүстіктен келген көпір жөндеуші меймандарға Семей жол дистанциясының мамандары нұсқамалық жәрдем көрсетуде. Осыған дейін көпірге ағымдық жөндеу жүргізіп, күтімде ұстап келген жолшылар нысандағы жұмыстардың уақытында аяқталуына мүдделі болып отыр. 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?