Алыпсатарлалға айыппұл күшейтілсе...

Жаңалықтар
16.08.2019, 10:54
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жолаушы пойыздарына билет сатумен айналысатын алыпсатарлардың жолын кесу мақсатында 30 шілде мен 30 тамыз аралығында жұмыс тобын құрып, рейд жұмыстарын күшейтті.

Құрамына «Жолаушылар тасымалы» АҚ, көлік бақылау тасымалы инспекциясы, Желілік ішкі істер бөлімі, Әскери теміржол күзеті, вокзал шаруашылығы қызметкерлері енген жұмыс тобы Шымкент вокзалына рейдке шықты. Алыпсатарлардың «заңсыз саудасына» тосқауыл қоюға кіріскен топ жолаушыларға билетті сатып алу немесе көмектесу бойынша көзге түскен 7 адамды құрықтады. Олардың төртеуіне тәуліктік қамау, екеуіне айыппұл салынды. Айыппұл 5 АЕК шамасында, 12 мыңды құрайды.

«Тексеру барысында тағы 1 адам ұсталды, оған хаттама толтырылып, ішкі істер қызметкерлері айналысуда. Жуырда жергілікті «Отырар» телеарнасында пойызға билет жетіспеушілігі туралы бейнесюжет көрсетілді. Осыған орай, талқылау жиынын өткізіп, рейдтік шараларымызды күшейттік. Бүгінде тек вокзалдың аумағымен шектеліп қалмай, жолаушылар пойызына да тексеруге шықтық. Түркістан облысы аумағында кезек-кезекпен пойыздарға мініп, жолсеріктерді де тексеріп жатырмыз. Жаңа ғана «Жолаушылар тасымалы» АҚ оңтүстік өңіраралық директорының орынбасары жолаушылар пойызымен тексеруге Арысқа кетті. Қысқасы, билетсіз жолаушы алған фактілер анықталған жағдайда қажетті акті толтырып, заң бұзған жолсеріктерге шара қолданамыз», – дейді Нұрғиса Пошанов.

Жалпы, мұндай іс-шара жыл басынан бері вокзал шаруашылығы мен Жолаушылар тасымалы, Желілік ішкі істер бөлімі арасында келісім бойынша жоспарланып өткізіледі. Қазір жаз айы болғандықтан билет жетіспеушілігі қатты байқалады. Сол себепті, аталған шараны қарқынды түрде жүргізуге қосымша заң қызметкерлері және көлік бақылау құрылымы тартылып, бірлесе жұмыс істеуде.

Шымкент вокзалында «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның 4 кассасы және 16 касса бар.

«Жұмыс тобымен вокзалдың іші-сыртын, перрондағы жолаушыларға билет сатып жүргендерді тексеріп жатырмыз. Қазір мұндай ахуал жоқ, сап тыйылған. Вокзал іші, перрон тып-тыныш. Бір айта кетерлігі, 20 маусымнан бастап барлық билет кассаларында жетілдірілген күту парағы іске қосылды. Яғни жолаушыларға арналған электронды кезек. Кейде бір адамдар ауырып қалады, не басқалай себептермен билетті қайтадан өткізіп жатады. Осылайша билет шыққан жағдайда жолаушының электрон поштасына хат жіберіледі. Жолаушы ол билетті кез келген кассадан сатып ала алады. Алайда екі сағат ішінде сатып алмаса, ол автоматты түрде келесі адамға өтеді. Бұрынғыдай билетті «ұстап алу» деген жоқ, автоматты түрде кезекке тұрғандардың базасына түседі. Жол жүру құжатын қайта сататындардың жолын кесіп, алдын алуға бағытталған жоба бүгінде өз жемісін беруде», – дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ Шымкент учаскесіндегі өңіраралық филиалының билет кассасының меңгерушісі Райхан Орынбасарова.

Рейд жұмысына белсене атсалысып жатқан Шымкент станциясы әкімшілік полициясының бастығы, полиция полковнигі Орынбасар Мамбетов ҚР Әкімшілік кодексінде көрсетілген 449 баппен жұмыс жүргізіліп жатқанын айта кетті. Оның сөзінше, билет сатушыларды ұстайтын арнайы заң болса да көбіне қолдана алмайды екен. Неге деген сұрағымызға полиция өкілі азаматтардың шағымданбайтынын алға тартты.

«Себебі, заңда көрсетілген бапты қолдану үшін бізге нақты «мына адам билет ұсынып, менің мазамды алып жатыр» деген шағым келіп түсуі керек. Яғни заңда көрсетілгендей, ол адам мазасын алса ғана шара қолдана аламыз. Тағы бір қиындық, оларды ұстаған күнде де мойындата алмаймыз. Мұндай жағдайда не істеу қажет? Ол үшін, біріншіден, заңға өзгеріс енгізіп, қатайту керек. Меніңше, ұсталған азаматтарды бес тәуліктің орнына 30 тәулікке қамаса немесе айыппұлдың көлемін бірнеше есеге ұлғайту керек деп ойлаймын», – дейді Шымкент станциясы әкімшілік полициясының бастығы, полиция полковнигі О.Мамбетов.

Бір байқағанымыз, әшейінде вокзалға барған жанның алдынан шығып «Қайда барасыз, билет керек жоқ па?» деп шаужайына оратылатындар сап тыйылған. Уақытша тыныштық секілді, рейд аяқталған соң тасада бұғып жатқандар «бизнесін» қайта бастамасына кім кепіл? Ендеше, билет саудасындағы заңсыздықтың жолын кесетін қатаң шара қажет екені даусыз. 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты