Бас инженерлер біліктілігін байқатты

Жаңалықтар
20.09.2019, 09:08

Бас инженер – өндірістің негізгі қозғаушы күші болып табылады. Сондықтан оларға қойылар талап пен жауапкершілік жоғары. Бұл әсіресе, Қазақстан темір жолы сынды сан тармақты өндірістік салада өте маңызды фактор. Жуырда Ақтөбе қаласында Батыс өңіріндегі Ақтөбе, Атырау, Орал, Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшелерінің бас инженерлері аттестациядан өтіп, білім-біліктерін байқатты.

Бас инженерлерді аттестациялаудағы мақсат – бұл лауазымдық қызметтегі мамандардың кәсіби біліктілігі мен білім деңгейін анықтау және де лауазымдық міндетіне қаншалықты сәйкес келетінін анықтау болды, яғни өндіріске жауапты тұлғаларға тағы бір сынақ деген сөз.

Аттестациялау бірнеше кезеңді қамтыды. Бас инженерлер бірінші кезекте арнайы көшпелі комиссия мүшелерімен ауызша әңгімелесуден өтіп, жазбаша тест тапсырды. Бірнеше күн бойы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-на қарасты филиалдардың, станциялардың бас инженерлері, сонымен қатар вагон және локомотив пайдалану деполары бастықтарының орынбасарлары өз тәжірибелері мен білімдерін ортаға салып, өздерін жанжақты таныстыруы шарт еді. Себебі, аттестацияның нәтижесі әрбір қызметкердің біліктілігін арттыруды ескере отырып, оның құзыреттілігін дамытуға жеке жоспар құруға, семинар, тренингтерге қатысуға, тағылымдамадан өтіп, кеңес алуға негіз болмақ.

Бұған дейін бас инженерлерді аттестациялау Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында өтсе, жақын күндері Павлодар, Шымкент қалаларында өтеді деп жоспарланып отырған көрінеді. Сайып келгенде, күтілетін нәтиже – өндірістегі шешуші тұлғалар болып табылатын бас инженерлер жауаптылығы мен имиджін арттыру арқылы саланың техникалық дамуына жағдай жасау екені анық. 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?