Бірқатар пойыздарға билет бағасы 10 пайызға өсті

Жаңалықтар
28.09.2019, 08:23
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлауынша, бірқатар пойыздарға билет бағасы биыл 21 қыркүйектен бастап 10 пайызға өсті. Бұл туралы аталған акционерлік қоғамның баспасөз қызметі мәлімдеді.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі №28-28-9/2920 хаты негізінде 2019 жылғы 21 қыркүйектен бастап «НұрСұлтан-Сарыағаш», «ҚызылордаСемей», «Атырау-Маңғыстау», «Павлодар-Пресногорьковская», «Алматы-Жезқазған», «АлматыМаңғыстау», «Нұр-Сұлтан-Арқалық» қатынастарындағы пойыздар және «Қарағанды-Сарыағаш», «Алматы-Семей», «Алматы-Достық», «ПавлодарҚызылорда» қатынастарындағы тіркеме/тікелей қатынайтын вагондардан басқа «Жолаушылар тасымалы» АҚ құрастырған әлеуметтік маңызы бар қатынастардағы пойыздар тарифі өсті. Мұның бәрі, әрине, жолаушылар тасымалдайтын пойыздардағы сервис сапасын арттыруға септік етпек.

Атап өтерлік жайт, 2018 жылдың 11 қыркүйегінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на Қазақстан ішіндегі барлық әлеуметтік маңызды бағдарларға бағаны реттеудің қолайлы жүйесі енгізілген болатын. Мұндай 52 негізгі әлеуметтік маңызды бағдар бар.

Бағаны реттеудің қолайлы жүйесі әлемдік тәжірибеде бар, ол әуе және су көліктерінде кеңінен қолданылады. Сол жүйе бойынша 25 пайыздық жеңілдікті кез келген жолаушы ел ішінде билетті 45 күн бұрын сатып алса, пайдалана алады. Жеңілдік мөлшері бос орындар саны мен пойыз жүргенге дейін қанша күн қалғанына байланысты болады. Пойыздың жүретін уақыты жақындаған сайын билет бағасы өсе береді, бірақ тек 25 пайыздан артық көтерілмейді.

Жоғарыда аталған әлеуметтік маңызды бағдарлардан бөлек 14 коммерциялық бағдар бар, оның ішінде 9 Тальго вагондарына құралған пойыздар. ҚР заңына сәйкес коммерциялық бағдар бойынша билет бағасын жеке тасымалдаушының өзі реттейді. Соған байланысты мұндай бағдарлардағы билет құны -35 пайыздан (жеңілдік) + 35 пайызға дейін және одан да көп деңгейде ауысып тұруы мүмкін.

Осындай жағдайларға байланысты ұлттық тасымалдаушы темір жолда іс-сапарлар мен саяхаттарды ертерек жоспарлап, билеттерді жеңілдікпен алуға кеңес береді. 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті