Меруерттің кіндігі пойызда кесілді

Жаңалықтар
28.09.2019, 13:18
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Аптаның басы қуанышты хабармен басталды. Дүйсенбі күні, яғни 23 қыркүйекте №91 «Қызылорда – Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол» бағыты бойынша жүретін жолаушылар пойызында тағы бір сәби дүниеге келді.

Жалпы, пойызда туылатын бала саны жағынан Қазақстан алдыңғы орында болса, таң қалмаймыз. Жыл сайын бірнеше сәби осынау әлеуметтік көлікте дүниеге келіп, кіндігі кесіліп жатады. Сондықтан Қазақстан темір жолында жолсеріктердің көпшілігі кіндік әке, кіндік шеше атанып үлгерген десек, артық емес. Бұл жолы да жолаушылар пойызы Тараз–Шу теліміне келгенде 6-вагонда келе жатқан Гүлнұр Жолдас есімді жолаушы келіншектің аяқасты толғағы басталады. Мұны білген пойыз бригадасы дереу радиожелі арқылы жолаушылар арасынан дәрігер іздей бастайды. Абырой болғанда жолаушылар арасында Шолпан Ембаева, Дәркен Байқошқарова, Ботагөз Көшербаева сынды сапар шегіп бара жатқан тәжірибелі дәрігерлер бары анықталды. Бірден 6-вагонға келген олар жолсеріктердің көмегімен жүкті әйелді аман-есен босандырып алады. Шу станциясына жеткенде оларды жедел жәрдем көлігі тосып алып, ана мен баланы жақын маңайдағы ауруханаға жеткізеді.

Компания осы тосын жағдайдан қиналмай шығып, нұқсау бойынша әрекет ете білген пойыз бастығы Меруерт Қорабаева мен оның бригадасына және көмек қолын созған жолаушыларға алғыс білдіреді. Дүниеге келген нәрестеге анасы теміржолшының құрметіне пойыз бастығы Меруерттің есімін беріпті.

Айта кетейік, компанияға қарасты барша жолсеріктер үнемі алғашқы медициналық және штаттан тыс жағдай кезінде көмек көрсету оқу-тренингтерінен өтеді. Мамандардың айтуынша, өткен жылы жол үстінде 10 бала дүниеге келген екен. «Ұлттық тасымалдаушы ана мен балаға зор денсаулық тілейді» деп хабарлайды «Жолаушы тасымалы» компаниясының баспасөз қызметі. 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті