Жаңарып-жаңғырған өлке

Жаңалықтар
11.10.2019, 08:25

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Түркістан және Арыс қалаларының теміржол вокзалдары мен инфрақұрылымдық нысандарын аралап көріп, жұмысымен танысты.

Компания басшысымен бірге оның бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов, инфрақұрылым жөніндегі басқарушы директор Бауыржан Орынбасаров және аймақтық жүк тасымалы мен магистральдық желі бөлімшелерінің басшылары Е.Ерманов, М.Оңалов, тағы басқа жауапты тұлғалар болды.

Сауат Мыңбаев облыс әкімі Өмірзақ Шүкеевпен Түркістан облысын дамыту жоспарына сай Түркістан-Ташкент жоғары жылдамдықты теміржол желісін тарту жобасын іске асыру мүмкіндігін талқылады. Ежелгі екі көне қала арасында туризмді дамытуға серпін беретін жоба болашақта жүзеге асырылады деген болжам бар.

Орта Азия қақпасы, тоғыз жолдың торабы Арыс ежелден теміржолшылар қаласы атанған. Сауат Мыңбаев Арыста осыдан бірнеше ай бұрын орын алған жарылыс зардаптарын жойып, бүлінген зақымданған инфрақұрылымдық нысандарды қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесімен танысты. Жарылыс салдарынан темір жол торабында орналасқан 60-тан астам қызметтіктехникалық ғимараттар, көптеген тұрғын үйлер зақымдалған болатын. Шойын жол нысандарында жүргізілген барлық жөндеу жұмыстары мерзімінде аяқталған. Қысқа уақыт ішінде көне теміржол вокзалы толық қайта жөндеуден өтіп, жаңа кейіпке енген. Қала өміріндегі тарихи да маңызды нысанның күрделі құрылысын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» жүргізді.

ҚТЖ басшысы мен облыс әкімі ғасырдан астам тарихы бар көне жәдігерлердің бірі вокзал ғимаратының бастапқы архитектуралық үлгісін сақтай отырып жаңарып-жасарған келбетіне оң баға берді. Өткен ғасыр басында, 1904 жылы салынған вокзалға биыл – 115 жыл. Ескі болса да сүйегі мықты ғимарат өткен ғасырдан жеткен тарихи сәулет ескерткіші болып отыр.

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?