Қылмыстың үлкен-кішісі жоқ

Жаңалықтар
11.10.2019, 12:40

Қыркүйектің 23-27 күндері аралығында Маңғыстау станциясында желілік полиция бөлімінің ұйымдастыруымен ұсақ құқықбұзушылық пен бұзақылыққа қарсы «Мүлдем төзбеушілік» акциясы өтті. Акцияға теміржолшылар да қатысты.

Іс-шара аясында теміржол мекемесінің қызметкерлері желілік ішкі істер бөлімімен бірлесе Емір ауылының тұрғындарына «Қоғамда ұсақ құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік принципін қалыптастыру» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шара барысында Қазақстан Республикасының 61 әкімшілік құқық бұзушы анықталып, оларға әкімшілік хаттама толтырылды немесе тиісті жазаға тартылды. Мысалы, олар: ҚР ӘҚБтК баптарына сәйкес Ұсақ бұзақылық, Алкогольдік ішімдіктерін ішу немесе қоғамдық орындарда масаң күйде келу, Жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуды бұзу, Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР-ның халықтың көшіқоны саласындағы заңнамасын бұзуы, тағы басқа баптар бойынша айыпталды. Сондай-ақ, Маңғыстау станциясындағы ЖПБ қызметкерлері, теміржолшылар мен көлік прокуратурасы мамандары білім ордаларында 4 рет профилактикалық дәріс өткізіп, «Маңғыстау-АтырауМаңғыстау» пойызында жолаушылармен кездесу ұйымдастырды.

− Жалпы қыркүйек айында әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылық үшін көліктегі полиция кезекші бөліміне 1794 адам жеткізілді. Өткен жылы бұл көрсеткіш 1668 болған еді. Яғни, 7,55 пайызға өсті деген сөз. Ювеналдық полиция тобы тәртіп бұзған немесе ұсақ бұзақылық жасаған 48 жасөспіріммен профилактикалық әңгіме өткізді. Былтыр осындай уақытта 24 балаға құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары жүргізілген еді. 3 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды, ал өткен жылы ондай факт тіркелген жоқ. Ағымдағы жылы кәмелетке толмағандардың жалғызжарым беймезгіл уақытта жүргені үшін 15 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылса, өткен жылы 18 ата-анаға осындай жаза қолданылған болатын. Қылмыстың үлкен-кішісі жоқ. Сондықтан біз титтей де болсын құқық бұзушылыққа бей-жай қарамау үшін қоғамда «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыруға тырысуымыз керек, – дейді Маңғыстау станциясы желілік полиция бөлімінің инспекторы Н.Рахметов.

Жалпы, биылғы жылы теміржолшылар мен құқық қорғау мамандарының қатысуымен 67 рет құқықтық сауаттылыққа байланысты түрлі кездесулер ұйымдастырылыпты. Соның нәтижесінде кәмелетке толмағандардың жолаушылар пойыздары терезесінің әйнегін сындыру, СЦБ қондырғыларын бүлдіру немесе темір жол үстіне бөгде заттарды қою сынды бұзақылық деректері азайған. 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?