Қоғамдық қызметте де белсенді

Жаңалықтар
15.10.2019, 12:11
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Семей ЖТ бөлімшесінде кәсіподақтар күніне орай алқалы жиын өтіп, аталмыш салада еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлер марапатталды.

Жиын беташарын бөлімше басшысы Марлен Көкрекбаев ашып, салалық кәсіподақ қызметінде жүрген барша теміржолшыларды кәсіби мерекемен құттықтады. Кәсіподақтың бөлімше өміріндегі алар орны зор екендігіне баса тоқталды. Әсіресе әлеуметтік сала бойынша белсенділік танытып, теміржолшылар игілігі үшін елеулі жұмыстар атқарылғанын айтып өткен Марлен Кәрімұлы Семей теміржолы бойынша кәсіподақтың күш салуы нәтижесінде жүзеге асқан шаралар қатарына тоқталды.

– Мәселен, көпбалалы отбасылар мен аз қамтылған жанұяларға қамқорлық жасауда кәсіподақ мұрындық болған жұмыс көп. Биылғы жылдың өзінде бөлімше бойынша 370-тен аса бала оқу құралдарымен қамтылыпты. Сонымен қатар ардагерлерге әлеуметтік қолдау көрсету, материалдық көмек беру сынды жұмыстар да жетерлік, – деп атап өтті бөлімше басшысы.

Кәсіподақ төрағалары сонымен қатар, ұжымдық келісімшарттың орындалуы мен әлеуметтік көмек көрсету бойынша да жанды жұмыс жүргізген. Бұл ретте желі бойында, шағын станцияларға дейін аралап шығатын кәсіподақ өкілдері барлық теміржолшыларды толық қамти алды деуге болады.

Ал салалық кәсіподақ төрағасы Алик Досанов соңғы 9 айдағы атқарылған кәсіподақ жұмыстарына есеп берді. Бөлімше бойынша өткізілген мәдениқоғамдық және спорттық шаралар мен балаларға көрсетілген көмек, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін ұйымдастырылған әлеуметтік акциялар, теміржолшылардың жазғы демалысын ұйымдастыру жайында мағлұмат берді.

Жиын басында Семей ЖТ бөлімшесі бойынша кәсіподақ төрағасы Асхат Жармұхаметов ұжымдық келісімшартқа енгізілген 30-дан аса өзгертулер мен толықтырулар жайында мәлімет беріп өтті. Оның ішінде жалақы төлеу, еңбек қатынастары, денсаулығына байланысты демалыс сынды тақырыптар қозғалды.

Ал кәсіподақтың белсенді мүшесі Зульфия Еникеева Семей теміржолы бойынша еңбек ететін кәсіподақ қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтандыру тақырыбында сөз қозғады. Айта кетсек, мұндай ерекшелік тек жергілікті бөлімшеде ғана бар екен. Яғни, кәсіподақ қызметкерлерінің өмірі 24 сағат бойы, тіпті жұмыстан тыс жерлерде де сақтандырылған.

Жиын соңында кәсіподақ қызметіне елеулі еңбек сіңірген бірқатар еңбеккерлер марапатталды. Олардың қатарында еңбекте де, қоғамдық жұмыста да белсенді Жексенбай Жолдыбалинов, Амантай Қатпенов, Гүлмира Масанова, Жанар Алпысбаева, Нұрлан Бегәділов, Ардақ Аусыдықова сынды теміржолшылар әріптестерінің құрметіне кенелді.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті