Жүк сақталымына жауапкершілік күшейеді

Жаңалықтар
18.10.2019, 09:53
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Кеше «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ басқарма төрағасы – бас директоры Қайрат Сәуірбаевтың төрағалығымен өткен кеңейтілген селекторлық кеңеске Бас көлік прокуратурасы, ІІМ-нің көліктегі жол полициясы, әскерилендірілген темір жол күзеті өкілдерімен қатар онлайн форматында жол бөлімшелерінің жетекшілері қатысып, теміржол көлігіндегі ұрлық-қарлық оқиғаларының алдын алу бағытындағы шаралар талқыға салынды. 

Қайрат Сәуірбаев «ҚТЖ» ҰК» АҚ алдына қойып отырған басты міндеттердің бірі – көліктік-логистикалық қызметтерді ұйымдастыру бойынша мемлекеттік стратегияны жүзеге асыру және Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту екенін, ал ол үшін жүк тасымалының қауіпсіздігі мен сақталымын қамтамасыз ету керектігін атап өтті. Осыған орай контейнерлерден бағалы жүктердің ұрлануына қатысты ахуалға тоқталып өткен оның айтуынша, биылғы жылдың үш тоқсанында өткен жылдың есепті мерзіміне қарағанда, үлкен шығын әкелген оқиғалар саны 12 бірлікке төмендеп, сәйкесінше, олардан келген жалпы шығын сомасы да 61,7 млн теңгеге азайған. Десе де, контейнерлерден ноутбуктер, мотор майлары, шиналар, киімдер сияқты бағалы жүктерді ұрлау тыйылмай отырған көрінеді. Мәселен, қаңтарда ҚХР – Еуропа бағдары бойынша бара жатқан контейнерден қомақты дүние қолды болған. Ал Достық станциясында бұл контейнерге жөнелтушінің 2 пломбасына қоса «Транстелеком» АҚ қызметкерлері 4 электронды GPS-датчигін қоса ілген. Алайда Алматы станциясына контейнер 2 GPS-датчигімен және жөндеушінің 2 пломбасымен келген. Қапшағай – Іле телімінде 2 жоғалған датчик табылған.

Қайрат Сәуірбаев ашық жылжымалы құрамдағы жүктердің де қолды болып отырғанын атап өтті. Айталық, Қоскөл – Жезқазған телімінде биылғы тамыз айында болған ұрлық тікелей күзет қызметінің кінәсінен. Қыркүйекте болған жағдайда, вагондар 1-ші разъезде жоспарлы «толаскездің» өткізілуіне байланысты уақытша тасталынған екен. Алайда, диспетчердің пойызға күзет ұйымдастыру туралы бұйрығы жеткізілгенімен, ӘТЖК күзетшісі постты тастап кетіп, басшылыққа жалған ақпар берген, разъезге тек пойызды Жезқазғанға жөнелтер кезде келген. Ал тамыздың бір күні Риддер станциясында «түсті металдар кенінің концентраты» сияқты жүкті ұрлауға әрекет жасалыпты. Абырой болғанда, «Казцинк» ЖШС жеке қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ұрлыққа тосқауыл қойып үлгерген.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ басшысы, жүк  иелерінен көптеген шағымдар түсіп, жүктің жетіспеушілігіне қатысты наразылықтар көбейіп отырғанын жеткізді. Ол, өкінішке қарай, осындай үлкен көлемдегі ұрлық оқиғаларын теміржолшылардың қатысуынсыз жүзеге асыру мүмкін еместігін айтты. «Жүк иелері шығындардың орнын толтыруды ғана емес, сонымен қатар жүктің сақталымын тәртіпке келтіруді талап етіп отыр. Әйтпесе, жүк тасымалын басқа жолмен, өзге көлік түрлеріне ауыстыруды жүзеге асыруға көшулері мүмкін. Ұрлық-қарлыққа қатысты барлық оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, кейбірі тексеріліп-тергелу үстінде», – деді Қ.Сәуірбаев. 

Өз кезегінде «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ басшысы теміржол көлігімен тасымалданатын жүктердің сақталымын қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-мен бірлесе Қытайдан және керісінше бағытта тасымалданатын жүктердің сақталымын қамтамасыз ету бойынша шаралар кешені қабылданғанын атап өтті. Атқыштар командасында «АСУ ОВ» бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу бойынша жұмыстар жалғасып жатқанын, ҚХР-Еуропа – ҚХР бағытындағы транзиттік контейнерлік пойыздарда «Конвой-П» күзет дабыл беру жүйесінің тестілік сынақтан өткізіліп жатқанын жеткізді «ӘТЖК» АҚ басшысы А.Әптіқасымов.

Күзетшілерді материалдық ынталандыру және тиімділігін арттыру мақсатында Жүкті күзетуге жұмылдырылған өндірістік персоналды сыйақыландыру ережесі бекітілсе, жүкті ұрлау фактілерін болдырмау және алдын алу шараларын күшейту үшін биыл Достық, Бескөл, Луговой станцияларында қосымша бөлімшелер ашылған екен.

Бұдан былай жол аралықтарында және жүктемесі аз станцияларда тасымалданатын жүктердің рұқсатсыз кіруінің және сақталуының алдын алу мақсатында тосқауылсыз аялдамаларды барынша алып тасталынатын болды. Локомотивті ауыстыру кезінде контейнерлік пойыздардың тұру ұзақтығының технологиялық уақыты 20 минутқа дейін, локомотив бригадаларының кідіру ұзақтығы 10 минутқа дейінгі уақытты құрайды. Сонымен қатар құрамды жасақтау барысында бағалы жүктер тиелген жалғыз жарым контейнерлер пойыздың басында тіркелетін болады. Сонымен қатар, станцияларда бейнебақылау жүйесін енгізу, жарық беру құралдарын уақытылы ауыстыру, бұталардың, қурап қалған бұталардың, темір жол бойындағы қамыстарды кесу жұмыстарын ұйымдастыру жағы қарастырылмақ. Селекторлық кеңес қорытындысы бойынша тасымалданатын жүктерді алып жүру мен күзетуді, темір жол көлігіндегі ұрлыққа қарсы іс-қимыл бойынша құқық қорғау органдарының жұмысын күшейту, жүктің сақталымын қамтамасыз етуде «ӘТЖК» АҚ қызметкерлерінің жеке жауапкершілігін арттыру ұсынылды. 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?