Қорытынды көңілден шықты

Жаңалықтар
22.10.2019, 14:09

 Нұр-Сұлтан станциясында биыл 16 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өткен күзгі комиссиялық тексеру жұмыстары қорытындыланды.

Станцияның техникалық бөлімінің бастығы Дамир Берікқазиновтың айтуынша, байқау барысында комиссия құрамы қозғалыс қауіпсіздігі, еңбек қорғау, техникалық құралдар жағдайы мен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ филиалы – Ақмола ЖТ бөлімшесінің жылжымалы құрамы мен негізгі қорын қолдану реті тексеруге алынған.

Қозғалыс шаруашылығы бойынша станцияда жүргізілген ревизия нәтижесіне сай басшылық тарапынан жұмысшылар арасында профилактикалық шаралар өткізу жөнінен бірқатар міндетті бақылау қойылды. Білімдерін тексерудегі сауалнама кезінде станция басшылары мен қызметкерлері қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты локальды актілер мен құқықтық-нормативтік актілер талаптары туралы білімдері жақсы екенін көрсеткен. Бөлім бастығының мәлімдеуінше, станция бойынша техникалық құралдарды күтіп ұстау, пайдаланудың технологиялық үдерістерін орындау, нормативтік техникалық құжаттардың болуы және өзектілігі, НТҚ идентификациясы мен тиімділігі және оны жүргізу тәртібін сақтау өз деңгейінде атқарылуда.

– Бұл комиссиялық тексеру барысында сонымен қатар қызметтік нұсқаулықтың орындалуы, «Тыйым салынған белгіден өту – қылмыс», «Еңбек қауіпсіздігі бойынша ерекше жұмыс тәртібі» атты айлықтарды өткізу тиімділігі, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды мақсатты тексеру барысында анықталған кемшіліктерге жол бермеу үшін қабылданған шаралардың орындалысы да тексерілді, – дейді бөлім бастығы. Станцияның басшылық құрамы жұмысшылардың қызметтік міндеттерін орындауы мен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жеке қатысу нормативтері де өз дәрежесінде атқарылуда. Жалпы алғанда, байқау қорытындысы көңілден шығып отыр.

Аймақтар
26.06.2026
Риддер және Шемонаиха станцияларында теміржол вокзалдары жөндеуден кейін қайта ашылды
Аймақтар
26.06.2026
Жаңаесіл және Саумалкөл теміржол вокзалдары қайта жөндеуден кейін ашылды
Жаңалықтар
26.06.2026
Шу және Есіл деполарының локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде соқтығысудың алдын алды
Жаңалықтар
26.06.2026
«KAZLOGISTICS» бас директоры Шанхайдағы халықаралық форумда елдің көлік әлеуетін таныстырды
Станция тынысы
26.06.2026
Соңғы станцияның жүгі ауыр
Темір жол тарихы
26.06.2026
Теміржолдың жырын жырлап, мұңын мұңдаған қаламгер
Жаңалықтар
26.06.2026
Ляньюньган қаласының делегациясы Ақтау портына барды
Жолаушылар тасымалы
26.06.2026
Төрт Тальго пойызында вагон-мейрамхана қызметі іске қосылды
Аймақтар
26.06.2026
Атырау облысында бес вокзал дайын
Аймақтар
26.06.2026
Күрделі жөндеу – кәсібилер қолында
Цифрландыру
26.06.2026
Сандық жүйенің жемісі
Инфрақұрылым
26.06.2026
Қазақстандық және өзбек теміржолшылары түйіспесіз жолды ұстап тұру тәжірибесімен алмасты
Жаңалықтар / Мұрағат
26.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №49 26 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
25.06.2026
ҚТЖ-да темір жолдағы қауіпсіздікті арттыру шаралары талқыланды
Жаңалықтар
25.06.2026
Бурабай курорты теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Әлемде
25.06.2026
Трансауған магистралінің құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін
Қауіпсіздік
25.06.2026
Кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінде кілтипан көп
Жаңалықтар
25.06.2026
Астана – Семей - Достық пойызында спутниктік интернет іске қосылды
Жаңалықтар
25.06.2026
Қазақстан мен Түрікменстан транзиттік-логистикалық әлеуетті арттыруға уағдаласты
Жолаушылар тасымалы
24.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады