Өнертапқыштар еңбегі бағалануда

Жаңалықтар
30.10.2019, 17:47
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Аягөз белгі беру және байланыс дистанциясының теміржолшылары өндіріске жаңашылдық енгізу бойынша биыл да тың көрсеткіштерге қол жеткізді.

Осыған дейін де экономикалық тиімділікті еселеу мен үнемдеу мәселесінде соны жетістіктерге қол жеткізіп жүрген аягөздіктер ағымдағы жылдың 9 айы бойынша 6 ұсыныс жасап, оның ішінде бесеуі техникалық комиссия тарапынан толықтай мақұлданған. Өнертапқыштардың арасында осыған дейін де жаңашылдық енгізудегі ерекше белсенділігімен танылған қызметкерлер көп. Мәселен, Аягөздегі ШЧ-30 бас инженері Ерғазы Ережепов пен техникалық құжаттандыру инженері Ерсайын Чукеевті атауға болады.

Ерғазы Айтқазыұлының бастамасымен Аягөз станциясындағы ДСП таблосындағы сұлба жұмысын бақылаудың жаңа тиімділігі ойлап табылған. ЭЦ-дағы жұмыс барысын жеделдететін бұл шара сынақтан сәтті өтіпті. Соның нәтижесінде аягөздік озат рационализаторға еңбегіне сай авторлық сыйақы табыс етіліпті.

Сол тәрізді өнертапқыш бас инженердің тәжірибесінен туған тағы бірқатар жаңашыл шаралар бүгінде Қапанбұлақ, Нарбота, Қарақойтас, Балықтыкөл, Суырлы, Желдіқара тәрізді бірқатар станциялар бойынша қолданысқа еніпті. Мұнымен қоса, Үшбиік – Еңірекей қумажолы бойындағы импульсті рельстік желіні іске қосу сұлбасын электрохимиялық әсерден қорғау бойынша жаңашылдық енгізген ШЧ-30 теміржолшылары да арнайы бұйрық аясында сыйақылы болған. Айта кетерлігі, бір мекемеде жұмыс істейтін екі аягөздіктің осы реттегі жалпы еңбектерінің саны 20-дан асады екен. Сондықтан да, Нұр-Сұлтан қаласындағы техкомиссияның қарауына «Үздік рационализатор» атағына ұсынылыпты. – Біздің мекемеміз бойынша өндіріске енгізілген жаңашылдықтардың басым көпшілігі қызметкерлердің еңбектерін жеңілдету мен экономикалық тиімділікті еселеуге бағытталған. Биыл 5 ұсыныс толық мақұлданып, өндіріске енгізілді. Тағы бір ұсыныс бекітуге жіберілді. Сонымен қатар, жыл сайын өзге бөлімшелердегі байланыс дистанцияларынан тағы екі рацұсынысты үлгі ретінде күнделікті қызмет барысында қолданысқа енгіземіз, – дейді бұл ретте техникалық бөлімнің бірінші категориялы инженері Мейрамгүл Ережепова. Қазіргі таңда Айдос Жұлдызбаев жетекшілік ететін мекеме өндіріске жаңашылдық енгізу жөнінен Семей магистральдық желі мекемелері арасында алғашқы орында тұр. 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті