Жол картасына қол қойылды

Жаңалықтар
12.11.2019, 08:30
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Кеше, 11 қараша күні «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Трансмашхолдинг» АҚ және «ЛокоТех-Сигнал» ЖШҚ «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мен «Трансмашхолдинг» АҚ Компаниялар тобының Инновациялық-технологиялық дамуына бағытталған бірлескен жобалардың Жол картасына қол қойды.

Аталған құжатқа Ұлттық компания атынан «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарушы директоры – Бас инженері Б. Котырев, «Трансмашхолдинг» АҚ-ның Техникалық директоры М.Рожков және «ЛокоТех-Сигнал» ЖШҚ бас директоры А.Романчиков қол қойды.

«Бүгін біз қол қойған Жол картасына темір жол көлігін цифрландыру бойынша даму кезеңіне енген инновациялық жобалар кіріп отыр. Сонымен қатар борттық қауіпсіздік жүйелерін, микропроцессорлық қауіпсіздік жүйелерін, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін басқару жүйелерін, теміржол автоматикасы жүйелерін дамытуға арналған жобалар енген. Бұл жұмыстар таяу жылдары жүзеге асады. Бір жобалар тәжірибелік пайдаланудан өтіп жатса, екіншілері даму кезеңін бастан кешіп жатыр. Яғни, олардың «өмір сүруге» қабілеттілігі тексеруден өтті. Мысалы, өткелдердегі қауіпсіздік жобасына келсек, бұл қандай да бір жаңа өткел емес, бұрыннан келе жатқан өткелдің қауіпсіздігін жақсарту болмақ, бұл жобаға «ЛокоТех-Сигнал» ЖШҚ қатысып отыр. Олар Щербинкада өткен көрмеде осы мәселеге қатысты жаңа инновациялық шешімдерін көрсетіп, біздің қызығушылығымызды тудырған болатын. Өткел мәселесі күн тәртібіндегі өзекті мәселе қатарынан. Сондықтан біз қауіпсіздікті сақтау бағытындағы жобаларды дамытуда соңғы инновациялық жобаларды жасап жатқан сенімді серіктестерімізбен жұмыс жасаудамыз», – деп атап өтті Батыр Қотырев.

Сонымен Жол картасы қандай жобаларды қарастырады деген мәселеге терең үңілсек, ол инновациялық-технологиялық дамуға, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін және тасымалдау үдерісі технологиясының тиімділігін арттыруға бағытталған жобаларды жүзеге асыруға негізделген. Сонымен қатар жылжымалы құрамға инновациялықтехнологиялық жүйелерді енгізуге, оларды әзірлеуге және сынақтан өткізуге бағытталған шаралар кешенін қосып отыр.

Техникалық саясат және реттеу департаменті мамандарының сөзіне сүйенсек, Жол картасы аясындағы шаралар легінде бірыңғай «электрондық картаны» енгізу арқылы борттық локомотив жүйелерін интеграциялау бойынша жұмыстар жүргізу жоспарланған. Бұл өз кезегінде, пойыздарды автожүргізу және қауіпсіздік жүйелерінің бірыңғай архитектурасын құруға мүмкіндік бермек. Бұдан бөлек, Жол картасымен «МПЦ-С» микропроцессорлық орталықтандыруды енгізу және өтпелік белгі беру жүйелерін автоматтандыру жұмыстары қарастырылған. Бұл шаралар да жоғарыда айтып өткеніміздей, пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге ықпал етпек. 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?