Бізді қандай өзгерістер күтіп тұр?

Жаңалықтар
12.11.2019, 14:31
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Семей ЖТ бөлімшесінде кәсіби саладағы жаңашыл шаралар жайлы мол мағлұмат берген мән-маңыздылығы жоғары жиын болып өтті. Ұлттық компанияның Адами ресурстарды басқару департаментінің бас менеджері Тоты Жакупова мен аталмыш департаменттің HR бизнес-серіктесі Эльмира Ахметова жергілікті теміржолшыларға келер жылдан бастап жүзеге асырылатын өзгерістер жайлы түсінік берді. 

Олар бүгінгі таңдағы ұлттық компанияның адами ресурстар бойынша алға қойған мақсатты шаралар қатарына тоқтала келе, кәсіби қызметтегі бірқатар мәселелер жайында кеңінен түсінік берді. Атап айтсақ, зейнеткерлікке шығу мен сыйақы төлеу жайында жан-жақты сөз қозғалды. Сонымен қатар кадрлық резерв пен электронды түрде оқыту, тұрмыстық сипаттағы жемқорлық фактілеріне жол бермеу мәселесі де әңгіме болды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ еліміздегі ең ірі жұмыс беруші компания болғандықтан жалақы төлеу және еңбек өнімділігі мәселелеріне кеңінен көңіл бөліп отырғанын алға тартқан Тоты Серікқызы бұл ретте жалақы қорының бүгінгі жай-күйі және де аутсорсинг бағдарламасы аясындағы атқарылар шаралар жайында айтып берді. Аталмыш тақырыптарды арнайы слайд түрінде түсіндіріп өтіп, ұлттық компанияның оңтайластыру арқылы техникалық процестерге екпін алдыру бағытындағы шараларына да ықшам түрде шолу жасады. Жиынға қатысушылардың басым көпшілігі мекемелердегі кадр қызметкерлері мен экономика саласының мамандары болғандықтан негізгі тақырып ауаны осы тарапта өрбіді. Бұл ретте құжат рәсімдеудегі өзгерістер жайында сөз еткен

елордалық меймандар жергілікті сала қызметкерлеріне тұшымды кеңес беріп, пікір-уәждеріне де құлақ түрді. Мәселен, 1-ші қарашадан бастап еліміз бойынша тұрғылықты мекен-жай анықтамасының қағаз түрінде өткізу тәртібі күшін жоюы кадр жұмысына біршама қиындықтар туғызған. Оған шалғайдағы жол айрықтары мен шағын станцияларда

ғаламтор желісінің болмауы қосымша күрделілік тудырып отыр екен. Десек те, басқосудағы басты тақырыптардың бірі бөлімше бойынша орын алуы мүмкін оңтайластыру шарасы турасында болды. Бөлімше бастығы Марлен Көкрекбаев кейбір мамандықтардың орнын электронды қызмет пен автоматизацияның ауыстыруы оңтайластыруға алып келіп отырғаны жөнінде айтып өтіп, аталмыш мәселенің қызметкерлер үшін ауырлықсыз өтуі мақсатында бірқатар алғышарттар жасалып жатқанын алға тартты. Атап айтқанда, негізінен зейнеткерлікке шыққан теміржолшылар атқаратын кейбір мамандықтарды жабу арқылы оңтайластыруды орайлы өткізу көзделіп отырғанын жеткізді. Сонымен қатар, компанияда аталмыш мәселе аясында қысқартуға түскен қызметкерлерге арналған бірқатар жоспарлы шаралар жүзеге асырылатыны да сөз болды. Атап айтсақ, зейнетке ерте шығу бағдарламасы жасалып, ережесі бекітілген. Яғни, жасы зейнеткерлікке 5 жыл қалған маман оған үміткер бола алады екен. Осы ретте нұр-сұлтандық мамандар оны рәсімдеу жолдары мен алу тәртібі туралы кеңінен мағлұмат беріп өтті. Бұл сауал қатысушылардың қызығушылығын туғызып, жиын барысында кеңінен талқылауға түсті. Басқосу барысында көпшілік меймандарға көптеген сауалдар қойып, қанағаттанарлық жауап ала алды. 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті