Бірқатар пойыз бағдарлары өзгереді

Жаңалықтар
15.11.2019, 12:27

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2019-2020 жылдарға арналған пойыздардың жаңа қозғалыс кестесінің енгізілуіне байланысты алдағы желтоқсан айының 8-нен бастап бірқатар жолаушылар пойыздарының бағдарлары өзгеретіні туралы мәлімдеп отыр.

Мәселен, №375/376 «Нұр-Сұлтан-Риддер» бағытындағы пойыздың бағдары облыс орталығы Өскемен-1 станциясына дейін қысқаратын болады. Ал №85/86 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Сарыағаш» пойызының жүру бағыты «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол» вокзалынан «Нұр-Сұлтан-1» станциясына ауыстырылмақ. Сонымен қатар бұдан былай №673/674 «Павлодар-Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол» бағытындағы пойыз жаңа вокзалдан емес, «НұрСұлтан-1» станциясындағы ескі вокзалдан жүретін болады. «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз-қызметінің өкілдері пойыздар қозғалысының жаңа кестесінің енгізілуіне байланысты 2019 жылдың 8 желтоқсанынан бастап «Нұр-Сұлтан-Шымкент» бағытындағы №712/711 пойызының қатынау мерзімі ұлғайтылып, күн сайын айналымға шығатынын хабарлап отыр. Сондай-ақ, алты жолаушылар пойызының нөмірі өзгертіледі. Айталық, «№ 153/154 «Нұр-Сұлтан-Семей» енді № 353/354 пойызы болып, №375/376 «Нұр-СұлтанӨскемен-1» енді №67/68; №377/378 «АлматыМаңғыстау» енді №77/78 болып өзгертілмек. Сонымен қатар жеке тасымалдаушыларға қатысты үш пойыздың да нөмірі жаңаланбақ. Олар «Арай транс kz» ЖШС-не қарасты №312/311 «Нұр-Сұлтан-Семей» енді №121/122 - №307/308 болып, ал «Марал Нұр» ЖШС-не қарасты №307/308 «Нұр-Сұлтан-Жезқазған» енді №107/108 нөміріне және осы мекемеге қарасты «Қызылорда-Нұр-Сұлтан» бағытындағы №617/618 пойызы №117/118 болып өзгермек. 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?