Кеңес отырысы өтті

Жаңалықтар
19.11.2019, 14:37

Жақында Көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде ведомоствоаралық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы болып өтті.

Оған жолаушы тасымалына қызмет көрсететін «Жолаушылар тасымалы» АҚ, жекеменшік тасымаладушылардан «Марал-Нұр», «ARLAN-TRANS-ASTANA», «Сары-Арқа Компани», «Номадас» ЖШС өкілдері қатысты.

Кеңес отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 31 мамырдағы №359 бұйрығы бойынша «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар – бұзушылықтарды жою бойынша техникалық шараларды аяқтау және жолаушылар вагондарына санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алу; тараптар арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарды келістіру және іске асыру; маусымдық тұмауға қарсы вакцинацияны қамтамасыз ету және скринингтен өту жайын қамту» тақырыптары сөз болып, «Жолаушылар тасымалы» АҚ және жеке тасымалдаушылар атынан пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі бойынша жылжымалы құрам менеджері А.Исламов, оған қосымша департаменттің қоғамдық денсаулық қорғау бөлімінің басшысы С.Хайруллин баяндама жасады.

Ал эпидемиологиялық маусымда тұмаудың алдын алу шаралары туралы қоғамдық денсаулық қорғау бөлімінің бас маманы Р.Жүсіп баяндап, жағдайды слайд-шоумен көрсетті. Отырыс соңында тасымалдаушылар жүргізілген жұмыстары жайлы есеп берді. Жолаушылар вагондарының 1045-і санитарлықэпидемиологиялық қорытынды алған, ал 5501 жұмысшы-қызметкер вакцинация қабылдау керек болса, бүгінгі күні олардың 2412-і ғана алып үлгерген екен.

Сондай-ақ, көлік қызметкерлерінің 94,4 пайызы скринингтен өткен. Үйлестіру кеңесі отырысының талқысынан кейін, тиісінше қорытынды шешім қабылданды.

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?