Үш бағытты қамтиды

Жаңалықтар
29.11.2019, 08:59
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жуырда өткен теміржол тораптары кәсіподақ ұйымдарының атқарушы комитеті отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы «Конструктивті қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы талқыланды.

Сонымен қатар, онда Қазақстан теміржолындағы «Қазпрофтранс» ҚБ «Астана» торабының төрағасы Серік Сәрсекеев филиалдың биыл жыл басынан бергі атқарған жұмыстары туралы баяндады. Күн тәртібінде қаралған бірінші мәселе аталған жолдауды талқылау болса, екінші тақырып «Vision Zero» нөлдік жарақат алушылық тұжырымдамасы, үшіншісі, ұлттық компанияның теміржолшылар балалары үшін жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыру жұмыстары бойынша қорытындысы туралы болды. Кәсіподақ төрағасы «Vision Zero» нөлдік жарақат алушылық тұжырымдамасына қосылу туралы меморандумға Қазақстанның биыл маусым айында қол қойғанын жеткізді. Кәсіподақтар үшін аталған меморандумға қол қою өте маңызды оқиға болып табылады. Бұл еңбек қауіпсіздігін ұйымдастыруға бағытталған жаңа тәсіл, ол үш бағыттан тұрады – қауіпсіздік, еңбек гигиенасы және өндірістің барлық деңгейіндегі жұмысшылардың әлауқаты. «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған ұлттық компанияның Ұжымдық шартына сәйкес Кәсіподақ балалардың жазғы демалысын ұйымдастырады.

– Биыл 15-20 шілде аралығында «Астана» темір жол торабы кәсіпорындары жұмысшыларының 100 баласы, соның ішінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ, Астана жол дистанциясы, белгі беру және байланыс дистанциясы, электрмен жабдықтау дистанциясы және басқа мекемелердің балалары өз каникулдарын Нұр-Сұлтан қаласынан 120 шақырымдағы «Nomads Camp» ұлттық лагерінде өткізді. Оған негізінен көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар іріктелді, – деді С.Сәрсекеев. Ал жалпы, биылғы жылы барлығы 7500 бала «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның әлеуметтік саясат бағдарламасына сәйкес жазғы демалыстарында үш ауысымда сауықтыру орталықтарында болған.   

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?