Заң бұзушылыққа жол жоқ

Жаңалықтар
28.11.2019, 19:05

Маңғыстауда теміржол вокзалы мен жолаушылар пойыздарында, перрондарда бірқатар ұсақ бұзақылықтардың беті ашылды. Аталған деректер қарашаның 25-27 күндері аралығында өткен «Мүлдем төзбеушілік» акциясы мен «Жасөспірім» жедел іс-шарасы кезінде анықталды. Аталған шаралар Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімінің ұйымдастыруымен өтті. Акцияны жүзеге асыру барысында желілік ішкі істер бөлімінің мамандары мектеп оқушыларымен де кездесті. Кездесу теміржолға жақын орналасқан Маңғыстау және Бейнеу станциясының үш білім ордасында болды.

«Мүлдем төзбеушілік» акциясы күндері 38 әкімшілік құқық бұзушы ішкі істер мекемесіне жеткізіліп, жазаға тартылды. Олар ұсақ бұзақылық, алкогольдік ішімдіктерін ішу немесе қоғамдық орындарда масаң күйде келу, жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуды бұзу, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның көші-қон заңнамасын бұзуы, т.т. Мұндай жайттар бойынша 28 азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толықтырылған. Сондай-ақ, Маңғыстау ст. ЖПБ қызметкерлері, көлік прокуратурасының, темір жол мекемелерінің өкілдерімен жоғарыда келтірілгендей келеңсіздіктерді болдырмау үшін 12 дәріс оқылып, №309/310 «Маңғыстау-Ақтөбе» жолаушыларымен екі рет кездесу өтті. Жедел профилактикалық жұмыстар барысында ұсақ бұзақылық жасаған адамдар ұсталып, тиісті жауапкершілікке тартылды.

Бейнеу, Маңғыстау вокзалдарында алкогольдік ішімдік ішіп, мас күйде жүрген 5 азамат анықталды. Бейнеу вокзалынан ҚР мигранттардың елімізде жүруін реттейтін заңды бұзған, яғни Қазақстанда белгіленген мерзімінен артық тұрып жатқан 2 шетелдік ұсталды. Сонымен қатар темір жолдың белгіленбеген жерлерінен жүрген, жолаушылар вагонының терезесінен қоқыс тастаған, пойыздың ішінде немесе перрондарда рұқсатсыз сауда жасағаны, тағы да басқа заң бұзушылықтар үшін 28 хаттама толтырылған. 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?