Маңғыстауда тұрақты тексерулер жалғасуда

Жаңалықтар
15.11.2019, 13:14
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінде локомотив депосы және станцияларда кезекті жоспарлы тексеру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, түбекте өтіп жатқан «Тыйым салынған белгілерден кесіп өту – қылмыс» атты айлық аясында локомотив пайдалану депосында тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында депо бастығы Марат Алхабеков 2ТЭ10-МК-1028 сериялы локомотивтердің экипаж бөлігінің техникалық жағдайын көрсетті. Бөлімше басшылары экипаж бөлігінің оң жағындағы алтыншы дөңгелек жұптың топырақ себетін түтікшесінің қамыты босап кеткеніне байланысты және Б секциясының сол жағында бірінші дөңгелек жұптың тежегіш рычагының сақтандыру тросының жоқтығы сынды кемшіліктерді анықтады.

Одан әрі жылдамдық өлшеуіш таспаны талдап оқу бойынша инженері Балсия Қарақұловамен бірге автотежегіштер сынамасының тиімділігі, тыйым салынған бағдаршам белгілеріне қарай пойыздардың кіреберісте технологияны сақтауы бойынша машинистер лентасына іріктеме тексеру жүргізілді.

Бұдан соң машинист-нұсқаушылар Руслан Екшембиев және Тілектес Алқабековпен бірге аталған айлықты тиімді өткізу бойынша алдағы жоспарлар талқыланды. Жалпы алғанда депода қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық жұмыстар тұрақты жүргізіледі.

Сонымен қатар Өзен станциясы бастығының орынбасары Самалбек Зұлпықаровтың, жол дистанциясы бастығының орынбасары Қуаныш Есжановтың, СОБ және байланыс қызметкері Сағадат Құлшықовтың, электрмен жабдықтау дистанциясының қызметкері Нұрболат Шалғабайдың және тағы басқа қызметкерлердің қатысуымен комиссиялық айлық бақылау жұмыстары жүргізілді. Инфрақұрылым нысандарының техникалық жағдайын бағалау кезінде басшылық құрам қатардағы қызметкерлердің жағдайымен танысты. Тексеру жұмыстарының нәтижелері құрылымдық бөлімше басшыларының кезекті басқосуында талқыға түсті. «ҚТЖ» ҰК» АҚ қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің бас менеджері Н. Жаңабаевтың хаттамасын орындау мақсатында өткен жиында өндірістік-эксплуатациялық жұмыстар қорытындысы сөз болды. Өткен 10 айдағы жұмыс көрсеткіштері бойынша жүк айналымының нетто бойынша көрсеткішінің орындалуы – 139,1%, вагондар айналымы – 107,6%, бір жүк операциясы бойынша вагондардың тұрып қалуы – 137,5%, вагондардың орташа тәуліктік өнімділігі және жүрісі бойынша көрсеткіш сәйкесінше, 126,2% және 121,5% болды.Компанияда жылжымалы құрамның жолдан шығу оқиғаларының себептері мен жағдайы бойынша, соның ішінде бағдаршам белгілеріне қарамай жолдан өту жағдайларына ерекше назар аударылды. Осы мәселе жөнінде бөлімшенің локомотив шаруашылығы бойынша қозғалыс қауіпсіздігі ревизоры К. Ниязов пен локомотив пайдалану депосы бастығының орынбасары М. Алхабеков сөз сөйледі. «Тірі диалог» формасында өткен жиналыста әрбір қатысушы өз пікірін ашық айтып, айтылған мәселелерді шешу жолдарын ұсынды. 

Жаңалықтар / Апта саны
03.04.2026
2026 жылдың I тоқсанында 150 мыңнан астам жүргізуші теміржол өткелдері арқылы өту ережелерімен танысты
Жаңалықтар
03.04.2026
"ҚТЖ" ҰК" АҚ делегациясы Санкт-Петербургтегі I-ші Халықаралық көлік-логистикалық форумға қатысты
Жаңалықтар
03.04.2026
Қазақстан Ауғанстан арқылы теңізге шығу жолын қарастыруда
Жаңалықтар
03.04.2026
ҚТЖ және РЖД жіксіз цифрлық транзитті қалыптастырады және тасымалдау көлемін ұлғайтуда
Жаңалықтар
03.04.2026
Қазақстан Санкт-Петербургтегі халықаралық форумда көлік саласын цифрландыру тәжірибесімен бөлісті
Қауіпсіздік
03.04.2026
Көктемгі байқау басталды
Трансформация
03.04.2026
ҚТЖ: инновациялық даму аспектілері
Қауіпсіздік
03.04.2026
Маңғыстау теміржолында өртке қарсы тексеріс кезеңі басталды
Аймақтар
03.04.2026
Күзет қызметі кепілдік береді
Аймақтар
03.04.2026
Атырау станциясында қауіпті жүктердің тасымалы ерекше бақылауға алынды
Жаңалықтар / Мұрағат
03.04.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №25 03 сәуір 2026 жыл
Аймақтар
02.04.2026
Ақтөбе теміржолшылары су тасқынына дайындықты күшейтті
Спорт
02.04.2026
Сыр теміржолшылары шахмат тақтасында шеберлік байқасты
Әлемде
02.04.2026
CAF Сербияға 30 электропойыз жеткізеді
Жолаушылар тасымалы
02.04.2026
Ұлттық тасымалдаушының үш бағыты бойынша 25% жеңілдік енгізілді
Спорт
02.04.2026
Ақтөбе теміржолшылары арасында шахматтан іріктеу турнирі өтті
Жаңалықтар
02.04.2026
Еуразиялық көлік дәліздері: Жаңа шешімдер мен жобалар
Жаңалықтар
02.04.2026
Көлік полицейлері теміржол торабында ірі көлемде есірткі затын анықтады
Жүк тасымалы
01.04.2026
Үкімет басшысы ЕАЭО-дағы жүк тасымалын үйлестіру үшін нейрожелілерді пайдалануды ұсынды
Жаңалықтар
01.04.2026
ҚТЖ-да көктемгі комиссиялық тексеру басталды