Оқу-жаттығуға қатысты

Жаңалықтар
11.11.2019, 20:05

Маңғыстау теміржолының төтенше жағдайда жедел әрекет етуге арналған арнайы қызметтері «Қыс-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының тапсырмасын ойдағыдай орындап, кез келген оқыс жағдайдан шығуға дайындықтарын көрсетті.

Оқу-жаттығу 5-6 қараша күндері өтті. 5 қараша таңғы сағат 8:00 облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшілігінен «Дабыл-1001» белгісі беріліп, әкімдік тарапынан төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша іс-қимылдарды ұйымдастыру, басқару органдары, азаматтық қорғау қызметтерінің құрамдары мен техникалары тік көтерілді. Бас штаб Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінде, екіншісі «ҚТЖЖүк тасымалы» АҚ – Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің ғимаратында орналасты. Оны бөлімшенің бас инженері Қарақат Жақанов басқарып, теміржолдың салалық қызметінен 30 шақты адам қатысты. Іс-шара шартты түрде жүргізілді. Мақсаты – штабқа келіп түскен тапсырмаларды тез арада талдап, жұмысты ұйымдастыру, яғни апаттық жағдайларда теміржолдағы қажетті техникалардың дайындығын, іс-қимылын пысықтау.

− Оқу-жаттығуға өрт сөндіру және қалпына келтіру пойыздары шығарылған жоқ. Бірақ техникалар толығымен дайындыққа келтірілді. Өрт сөндіру пойызы бойынша 13, қалпына келтіру пойызынан 20 адам қатысты. Олар Маңғыстау өрт сөндіру пойызының бастығы Амантай Гүлжиков пен қалпына келтіру пойызы бастығының міндетін атқарушы Ербол Мүсірхановтың басшылығымен жұмыс істеді. Жалпы, осы екі күнде облыс бойынша бірнеше рет дабыл берілді. Оның ішінде екеуі теміржолға қатысты болды. Бірінші жаттығу 6 қараша сағат 10:00 Шетпе станциясында теміржолды қар басу салдарынан жүк пойызынан хлор тиелген алты цистерна жолдан шығып кетуге байланысты болды. Салдарынан 100 метр теміржол бұзылып, пойыздар қозғалысы тоқтап қалады. Станция халқының хлормен улану қаупі туып, 3 адам зардап шекті. Екіншісінде Сай-Өтес – Маңғыстау телімі, Шетпе-№14 бекет аралығында теміржолды су басып, екі жүк вагоны жолдан шықты. 100 метр теміржолға зақым келді. Зардап шегушілер болған жоқ. – Аталған тапсырмалар толықтай және уақытылы орындалды, теміржолшылар дайындығына сын болған жоқ, – дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі Маңғыстау жасағы бастығының міндетін атқарушы Арыслан Таласов. 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?