Жастар жылы: Жүз жас есім

Жаңалықтар
13.12.2019, 13:00

Жастар саясаты – дамуының маңызды бір бөлігі болып саналатын «Қазақстан темір жолы» компаниясының осы бағыттағы жұмыстары қағаз жүзінде қалып қоймай, дәстүрлі даңғыл жолға түскелі қашан. Соның жарқын көрінісі – биыл онжылдығы аталып өткен теміржолшылардың республикалық жастар форумы. Биылғы жылы дәстүрлі түрде желтоқсан айында шымылдығын түрген жиын мемлекеттік деңгейде жарияланған Жастар жылына байланысты 2019 жылдағы жұмыстарын қорытындылап, сонымен қатар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бекітуімен алдағы Еріктілер жылына қарышты қадам жасады.

Бұл форум, сондай-ақ «Жүз жас есім» жобасына іріктеліп алынған жастардың келуімен ерекшеленді. Қазақстан темір жолында бүгінгі таңда 35 жасқа дейінгі 57 мыңға жуық жастар еңбек етеді. Жылдағыдай елордаға жыл соңында аталған форум аясында жиналған жас теміржолшылар 1113 желтоқсанда осы ауқымды шараны атап өтуде. Форумның салтанатты ашылуына «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының корпоративтік мәселелер және НR жөніндегі орынбасары Серік Әбденов қатысып, жастарға арнап сөз сөйледі. – Қазақстан темір жолы он жыл қатарынан саладағы ең озық ойлы, болашағынан зор үміт күттіретін белсенді де дарынды жастарының басын қосып, компанияның дамуына өздерінің рационализаторлық ұсыныс-жобаларымен қомақты үлес қосып жүрген жас теміржолшыларды осындай жиындар арқылы ынталандырып келеді. Әсіресе, еліміздің түкпір-түкпіріндегі шалғай станция, бекеттерде қажырлы еңбек ете жүріп, қазақ теміржолының дамуына қосымша күш салатын өздеріңіз секілді теміржолшылар қандай марапатқа болсын лайық. Бұл форум сіздердің жыл сайын жиналып, әрбіріңіздің еркін ойларыңызды тыңдауға, барлық жетістіктеріңізге куә болуға мүмкіндік береді. Әрине, мұндай алаңдар жалпы қажет. Оның қажет екенін осы аралықта форумның үздіксіз өткізілуі дәлелдеп отыр. Осындай белсенділіктеріңіз бен жұмысқа деген жанашырлықтарыңызға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Компания басшылығы өз жастарының әрбір бастамасына қолдау білдіріп, көмектесуге дайын, – деді ол. Биылғы форумға да жылдағыдай 300-ден астам жастар қатысты. Олар әр облыстан үш теміржолшыдан бірігіп, өндірісті дамыту үшін маңызды 24 жобаны дайындап әкеліпті. Ал негізі бұл жобалар іріктелгенге дейін барлығы 5 мың жоба түскен екен. Компанияның бас ғимараты фойесінде ұйымдастырылған көрмеге сол жобалардың ішіндегі таңдалып алынған үздіктері қойылды. Форумның ашылу рәсімінде сөз алған «Самұрық Қазына» ӘАҚ Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығының бас директоры Елдос Өмірзақұлы жастарды құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі. ҚТЖ жастары қай салада да алдыңғы шептен табылатынын жеткізді. «ҚТЖ» компаниясының жастар саясатын тұрақты жүргізіп, жастарды жанжақты қолдауының арқасында көптеген жас теміржолшы мансаптық өсу және өзін-өзі тану, дамыту жолына түсті. Жастар алаңдарын көптеп ұйымдастыру жас қызметкерлердің компания стратегиясының түрлі бағыттарын жүзеге асыруға толықтай араласуына ықпал етті. Оған мысал келтірер болсақ, жас та болса бас болып жүрген теміржолшылар арасында бүгіннің өзінде Ақтөбе байланыс және белгі беру дистанциясының бас инженері болып еңбек ететін Мұрат Тасмағамбетовті, 2009 жылы жолшы болып қызметін бастап, бүгінде Шу жол дистанциясы бастығының орынбасары қызметіне көтерілген Дәулетбек Жолдасбаевты және 10 жыл бұрын пойыз қабылдап алушы болып жұмысын бастап, бүгінде Атырау станциясында бас инженер болған Бекжан Жиенбетовті, сонымен қатар алты жыл бұрын қызметін экономист болып бастап, қазіргі таңда Қостанай ЖТ бөлімшесінде директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып жүрген Ілияс Исмаиловты, 11 жылда тура сондай қызметтерге көтерілген «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ бас директорының орынбасары Владимир Бабиченконы, пойыз құрастырушыдан «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бас директорының операциялық жұмыстар бойынша орынбасары қызметіне жеткен Мұхтар Жамбыловты атауға болады. Сондай жастардың бірі бүгінде Ақтөбе ЖТ бөлімшесінің техникалық бөлім бастығының орынбасары Руслан Жұмағалиев жастар атынан сөз сөйлеп, жастар саясатын қолдап отырған компания басшылығына алғысын жеткізді. Салтанатты рәсімнен кейін форум бағдарламасына сәйкес «Компанияның жаңа стратегиясы: бастамалар, үндеулер, міндет тер» деген тақырыпта топ-менеджерлермен панельді пікір-сайыс ұйымдастырылды. Түстен кейін «Болашақтың тынысы» атты және сарапшылардан басқа да мастер-кластар өткізілді. Ал кешкілік жастар «Аймақтар бет-бейнесі» байқауында өз өңірлерін арнайы музыкалық қойылымдар немесе ән мен би арқылы таныстырды.

Жолаушылар тасымалы
08.03.2026
ҚТЖ пойыздарымен жыл сайын шамамен 6 млн әйел жолаушы сапарлайды
Жаңалықтар
08.03.2026
Талғат Алдыбергенов теміржолшы әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар
07.03.2026
ҚТЖ-да әйел теміржолшыларға құрмет көрсетілді
ҚТЖ келбеті
07.03.2026
Бағиланың бақыты
ҚТЖ келбеті
07.03.2026
Қайсарлық – қанға біткен қасиет
ҚТЖ келбеті
07.03.2026
Ерлік емей, немене?!
ҚТЖ келбеті
07.03.2026
Таңдауы емес, тағдыры...
Жаңалықтар
06.03.2026
ҚТЖ және SPSI Cloud Port Development агрологистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Жаңалықтар
06.03.2026
Теміржолшы аруларға тарту: ҚТЖ-да 8 наурыз мерекесі ерекше форматта өтті
Жаңалықтар
06.03.2026
Көлік министрлігі Huawei компаниясымен ынтымақтастықты нығайтуда
Жаңалықтар
06.03.2026
Олжас Бектенов Көкшетау теміржол вокзалын жаңғырту барысын тексерді
Жолаушылар тасымалы
06.03.2026
ҚТЖ пойыздарында мыңнан астам әйел жолаушыны 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Аймақтар
06.03.2026
Теміржолшылар коалиция мүшелерімен кездесті
Аймақтар
06.03.2026
Біздің ұжымдық блогер
ҚТЖ келбеті
06.03.2026
Әлемдік рекордтарды бағындырған теміржолшы
Жаңалықтар
06.03.2026
Еңбегі еленген теміржолшы
Жаңалықтар / Мұрағат
06.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №17-18 06 наурыз 2026 жыл
Жаңалықтар
05.03.2026
ҚТЖ және Көлік прокуратурасы теміржол мәселелері бойынша жоспарлы отырыс өткізді
Аймақтар
05.03.2026
Айкүннің таңдауы
Аймақтар
05.03.2026
Жүрек қалауы – теміржол