Үздік жүздік қатарында

Жаңалықтар
13.12.2019, 11:10

Әке жолын жалғап, темір жол саласында қызмет етіп жүрген Еркебұлан Аяғанов он жылдан артық уақыт темір жолда абыройлы еңбек етіп, талай белестерді бағындыруда. Жақында ол өз саласындағы қызметкерлер арасында ұйымдастырылған «100 жас есім» байқауында үздік жүздіктің қатарынан табылды. Бүгінде ол Сексеуіл локомотив пайдалану депосы бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары.

Әкесі Бауыржан Аяғанов та талай жылдар темір жолда қызмет етіп, халық алғысына бөленді. Әке болмысы Еркебұланның болашақ мамандығын қалыптастыруға ықпал етті. Бала кезден темір жолдың темірдей тәртібі, қиындығы мен жауапкершілігіне қанық болса да, өзінің болашағын осы саламен ғана байланыстырды. – 2007 жылы Сексеуіл локомотив пайдалану депосына тепловоз жөндеуші болып еңбек жолымды бастадым. Ауысым шебері, инженер, аға шебер, қозғалыс қауіпсіздігі қызметінің бас маманы сынды қызметтерді атқардым. Темір жол – жауапкершілігі мол саланың бірі. Сонысымен тәртіпті де талап етеді. Жұмысшылардың уақытылы жұмысқа келуі, сапалы киімдермен қамтылуы, Сексеуіл станциясы арқылы өтетін пойыздардың уақытылы қабылдануы мен жөнелтілуі, қауіпсіздіктің сақталуы, қызметтік тәртіпті қадағалау аса жауапкершілікті қажет ететін міндетті жұмыс болып табылады, – дейді Еркебұлан. Ізденімпаз теміржолшы әркез жетістіктерге жетуге ұмтылып отырады. Оның алған мақтау қағаздары мен Құрмет грамоталары, Алғыс хаттары жетерлік. Таяу күнде ғана мәртебесі тағы бір сатыға көтерілді. – Алғашқыда құжаттар тапсырдым. Көп уақыт өтпей-ақ, елордадан байқаудың арнайы комиссия мүшелері келіп, сұхбат жүргізді. Еліміздің түкпір-түкпірінен қатысушылар көп болды. Облыс бойынша 10 адамның арасынан 5 адам іріктеліп алынды. Жеңімпаздардың ішінде өзімнің есімімді көргенде төбем көкке жеткендей болды. Бұл – бір ғана менің жетістігім емес, жанымда қолдаушым болып жүрген жақындарым мен қызметіне жауаптылықпен қарайтын әріптестерімнің де үлкен үлесімен келген жетістік, – дейді ол. Еркебұланың айтуынша, компания жастардың білімін жетілдіру мен тәжірибе алмасуына қолдау көрсетіп келеді. – Менің өткенім де, бүгінім де, келешегім де темір жолмен байланысты. Себебі сүйікті мамандығым ретінде өзімді осы салада ғана елестете аламын. Бүгінгі жетістіктерім де халықпен тығыз қатынастағы салада, елдің алғысы мен ыстық ықыласынан деп ойлаймын, – дейді Еркебұлан. Білімі мен білігін ұштастырып, абыройлы қызмет еткен адамның мерейі әрқашан да биік. 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?