Президент марапаттаған теміржолшы

Жаңалықтар
20.12.2019, 07:23

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Қазақстан темір жолы – Жүк тасымалы» АҚ – Жамбыл филиалының теміржолшысы Николай Хомутенко Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды.

Өңірдегі теміржол саласында 40 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан Николай Николаевич қазіргі таңда Жамбыл вагон депосының аға инспекторы болып қызмет атқарады. «Бүгін менің өмірімдегі ең салтанатты және маңызды күн деп білемін. Мұндай жоғары марапатты ел Президентінің қолынан алу бақыты бұйырғанына өте қуаныштымын. Бұл сый мен үшін күтпеген жағдай болды. Мен өз жұмысымды мақтан тұтамын. Теміржол – менің тағдырым және менің өмірім. Еңбегімді ескерген Жамбыл жол бөлімшесінің басшылығына рахмет! Бұл – барша теміржолшылардың еңбегіне берілген баға», – дейді марапат иесі.

Николай Хомутенко биыл 62 жасқа толды. Еңбек жолын қарапайым ғана вагон жөндеушіден бастапты. Ол әулетіндегі үшінші буын теміржолшы. Атасы локомотив депосында ұзақ жылдар еңбек еткен екен. Николайдың өзі де осы уақыт аралығында көптеген шәкірт тәрбиелеп өсірген.

«Біле білгенге вагон инспекторының жұмысы өте күрделі, терең білімді, тәжірибе мен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені, вагондардың техникалық жағдайына жүк пен жолаушылардың қауіпсіздігі және пойыздар кестесінің сақталуы тығыз байланысты. Николай Николаевичтің ауысымындағы инспекторлар бүгінгі марапат иесінен үлгі алады. Николай оларға сауатты тәлімгер болды деп білеміз», – дейді Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің басшылығы.

Николай Хомутенко отбасымен де айналасына үлгі танытып отыр, мәпелеп өсірген үш баласы әр салада қызмет етеді. Айта кетейік, «Еңбек даңқы» ордені бір кәсіпорында ұзақ уақыт жемісті жұмыс істеген, сондай-ақ еңбек өнімділігінің артуына, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін жетілдіруге ықпал еткен азаматтарға өндірістегі ең жоғары көрсеткіштері үшін тапсырылады. Осындай үдеден шыққан жамбылдық теміржолшыны біз де марапатымен құттықтаймыз.

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?