Ерен еңбек еленген күн

Жаңалықтар
18.12.2019, 22:29
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биыл ел тәуелсіздігінің 28 жылдығы мен ұлттық компаниядағы Республикалық Х жастар форумының жабылу салтанаты бір жиында атап өтілді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас ғимаратындағы мәжіліс залына жиналғандарды алдымен Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев құттықтады.

Ел экономикасын дамытуда инфрақұрылымдық негізбен қамтамасыз етіп отырған және айналым мен капитал көлемі жағынан елде жетекші корпорациялардың бірі саналатын ұлттық компанияның бүгіні мен болашағы жайлы баяндай келе, компания басшысы адал еңбегімен ерекшеленген теміржолшылар мен форум жеңімпаздарына арнайы марапаттарын табыстады.

Ұлттық компанияның дамуына айтарлықтай үлес қосқан 21 қызметкер басқарма басшысының қолынан марапат алды. Олар: «Құрмет» орденімен марапатталған «Теміржолсу» АҚ бас директоры Қойшығұл Түсіпбек, Ірілендірілген Есіл жол дистанциясының жолшысы Жұмабай Рахметов, «Ерен еңбегі үшін» медалімен 4 адам – Орал ЖТ бөлімшесінің Орал тауарлық станциясының бастығы Айгүл Қайырғалиева, Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі цех шебері Ерғали Сокенов, компанияның техникалық саясат және реттеу департаментінің бас менеджері Гүлнар Дабысқызы, «Вагонсервис» АҚ жолаушылар вагондарын жөндеу бойынша Ақмола филиалының электригі Валерий Жалнин марапатталды.

ҚР Құрмет грамотасына Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының көпфункционалдық кешеніне техникалық қызмет көрсету электромеханигі Амантай Бодықов ие болса, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының Алғыс хатына «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Оңтүстік» аймақтық филиалы Ақтөбе телімі жолаушылар вагонының жолсерігі Нұралы Арестанов, Павлодар жол дистанциясының жол жөндеушісі Ардақ Төлеуов, Сексеуіл қалпына келтіру пойызының машинист көмекшісі Өркен Сансызбаев, Көкшетау-1 теміржол станциясының бастығы Рахат Қайдауылов лайық деп танылды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің Құрмет грамотасы «Транстелеком» АҚ төрағасы Жанболат Надыровқа, Өскемен локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисі Денис Забоштаға, Ірілендірілген Астана жол дистанциясының өндірістік оқыту шебері Еркен Сарсембаевқа, Шу станциясының вокзал бастығы Шолпан Арысбаеваға берілді.

Ал министрдің Алғыс хаты Екібастұз вагон пайдалану депосының вагон қараушысы Валентина Афанасьева, Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясының байланыс электромеханигі Марат Әбілқайыровқа табыс етілді. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ Құрмет грамотасымен «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Экспресс» филиалының жолаушылар пойызының бастығы Меруерт Қорабаева, Сексеуіл станциясының маневрлік диспетчері Октябрь Аманқұлов марапатталса, «Адал еңбегі үшін» төсбелгісі Майлин станциясының пойыз құрастырушысы Базылхан Мұртазиннің кеудесінде жарқырады. «Ақадыр машиналандырылған жол дистанциясы» филиалының жол жөндеушісі Ермек Рахымбаев «Кәсібі бойынша үздік» атанды. Одан әрі марапат кезегі Республикалық Х жастар форумының үздіктеріне ойысты. «Жоба менеджменті» жобасы бойынша «ҚТЖ ескертпесі» жобасын жасап, үшінші орын алған авторлар – Жамбыл жол дистанциясы диагностикалық блок бастығының орынбасары Мадияр Мадалиев, дистанцияның инженер-технологы Ерасыл Әбділдаев, өлшем бойынша шебері Саят Әміреев, жолшысы Азамат Құндызбаев және дистанцияның арнайы жылжымалы құрамының машинисті Азамат Сыдықовтан құралған топ сахна төріне шақырылып, оларға басқарма басшысы кубок пен диплом және 50 000 теңгенің сертификатын табыстады.

Ал «Жолды тексеру нәтижелерінің автоматтандырылған есебі және жолды күтіп ұстау үшін МВСП қажеттілігін жоспарлау» жобасының авторлары 2-орынды иеленді, бұл жобаға атсалысқан компанияның Магистральдық желі дирекциясы бойынша жол шаруашылығындағы қызметкерлері 100 мың теңгенің сертификаты мен кубок, дипломдарға ие болды.

«Жолаушылар қолайлылығы – бірінші кезекте» атты жоба байқау жеңімпазы болып танылды және оның авторлары өз жобаларын өндіріске енгізуге жолдама алды. Оны ойлап тапқандар – компанияның өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің менеджері Алтынай Жатқанбаева бастаған топ 150 мың теңгелік сертификат алды. Салтанатты жиынның ең маңызды сәті – бір жыл бұрын Сауат Мұхаметбайұлы серпін берген «ҚТЖ-ның жүз жас есімі» жобасына қатысып, сынақтардан сүрінбей өткендердің сахнаға көтерілуі болды. Олардың 13-і «Инновация» бағыты бойынша, 47-сі «Әлеуметтік жауапкершілік» бағыты және 40 адам – «Кәсібилік» бағытында бағдарламаға қатысушылар. Компания жетекшісі бұл жастар қоғамның болашақ басқарушылар резервіне тіркеледі және трансформацияны одан әрі дамытуда өзгерістер бастаушысы ретінде қарастырылады деді. «100 жас есім» атағына лайық деп танылған жастар сахна төрінде Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевпен естелік суретке түсіп, әрі қарай салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласты. 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?