Он жылдағы оңтайлы істер

Жаңалықтар
20.12.2019, 09:37

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен индустрияландыру күні барысында индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының қорытындылары шығарылып, елдің үздік кәсіпорындары марапатталды. Қазақстанда аталған бағдарлама аясында он жыл ішінде 43 трлн теңгенің өнімі шығарылған.

«Бағдарлама іске асырылған жылдар ішінде еліміздің көптеген өңірлерінде елді жұмыспен қамтып, экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз еткен жаңа индустриялық база пайда болды. Бүгінгі таңда Қазақстанда Alstom, General Electric, Danone, Heidelberg, BASF, Rio Tinto сияқты ірі трансұлттық компаниялар жұмыс істеп жатыр», – деп атап өтті жиын барысында баяндама жасаған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов. Оның айтуынша, Ақтөбеде рельсарқалық зауытын іске қосу ТМД елдерінде ұзын өлшемді 120 метрлік теміржол рельстерінің жалғыз өндірісін жолға қоюға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, индустрияландырудың екінші бесжылдығы аясында машина жасау саласындағы өнім көлемі 1,2 есеге ұлғайып, саладағы автомобиль өнеркәсібінің үлесі 26% жетіп отыр. Индустрияландыру бағдарламасы іске асырылған жылдары Қазақстанда тұңғыш рет инфокоммуникациялық жабдық, модемдер, бұрандалы сорғылар, жарықтандыру құрылғылары мен электр қуатын таратқыш аппаратура, орталық ауа баптағыштар өндіріле бастады. Экспортқа бағдарланған тоңазытқыш вагондардың өндірісі жолға қойылды. Сөз реті келгенде, қазіргі уақытта машина жасау саласы қосалқы бөлшектерден бастап жоғары технологиялық заманауи жабдықтарға дейін көптеген өнімдерді, сондай-ақ тепловоздарды, жолаушылар мен жүк вагондарын, жүк және жеңіл автомобильдерді, трансформаторлар мен басқа да күрделі жабдықтарды өндіріп жатқанын және де отандық машина жасау саласына «ҚТЖ» ұлттық компаниясы тарапынан үлкен қолдау жасалып жатқанын және оның әрмен қарай жалғасатынын атап кеткен жөн. Соның бір айқын дәлеліне, 2020-2022 жылдар аралығында Ұлттық компанияның отандық тауар өндірушілерден жалпы сомасы 531 миллиардтан астам теңгені құрайтын қаржыға 391 локомотив, 300 вагон сатып алуды жоспарлап отырғанын, сондай-ақ, 20192024 жылдарға арналған машина жасауды дамыту жөніндегі Жол картасы шеңберінде паркті жүк вагондарының жаңа үлгілерімен жаңарту жоспарланып отырғанын айтар едік. Қазіргі кезде ұлттық компания отандық тауар өндірушілермен 1 миллиард теңгеден астам сомаға келісімшарт жасау бойынша ішкі корпоративтік процедураларды аяқтады. Олардың қатарында трансформаторлық жабдықты өндіруші ірі кәсіпорын «Asia Trafo» ЖШС-мен 25 000 киловатқа арналған күштік тартымдық трансформаторларды жеткізу бойынша, сондай-ақ, «КазТЭЦ» ЖШС-мен рельстік баяулатқыштарды сатып алу бойынша қол қойылған екі ұзақмерзімді келісімшарт бар. 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?