Заң жобасын мақұлдады

Жаңалықтар
22.12.2019, 20:22
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жақында ҚР Парламент Сенаты теміржол көлігі мәселелері жөніндегі заң жобасын мақұлдады. Бұл құжат саладағы 3 негізгі мәселені шешуге бағытталған. Біріншісі – жолаушылар тасымалын субсидиялауды оңтайландыру және ашық ету. Екіншісі – жасырын жүк транзитінің алдын алу. Үшінші мәселе – тұтынушылар құқығын қорғауды есепке ала отырып, кірме жолдардың қызметін реттеу.

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне теміржол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы 2019 жылғы 20 желтоқсанда ҚР Парламенті Сенатында бірінші оқылымда мақұлданды. Заң жобасының бірінші бағыты (жолаушылар тасымалын субсидиялауды оңтайландыру және ашық ету) бойынша жолаушылар қозғалысында локомотивтік тартымның жеке операторын құру жоспарланған. Бюджеттен қосымша қаражат қарастырмайақ, кросс субсидиялаудан бас тарту үшін жолаушылар тасымалдаушыларын қолдауға жүк тасымалдаушының теңгерімдеуші төлемі енгізіледі.

Бұл жолаушылар тасымалының нақты шығындарын көруге мүмкіндік береді. Аталмыш норма жаңа механизмді пысықтау үшін тек бір жыл, яғни 2020 жылы іске асырылады. Өзгерістер нәтижесінде мемлекеттік субсидияны тарату ашықтығы арта түседі. Осылайша, жолаушылар тасымалын субсидиялау механизмі бірыңғай стандартқа келтіріледі. Екінші бағыт (жүктердің жасырын транзитінің алдын алу) бойынша жүк тасымалдау кезінде ішкі (импорттық/ экспорттық) және транзиттік тарифтер бар. Транзиттік тариф ішкі тарифтерден 4 есе жоғары болғандықтан, кәсіпкерлер импорттық-экспорттық тәртіпте жүк тасымалдау арқылы жасырын транзит схемасын қолданады.

Осындай тәсілдің себебінен «Қазақстан темір жолы» жыл сайын 16 млрд теңгеге жуық кірістен қағылып отыр. Соған байланысты жүру жолында тиеп түсіруді және көлік түрін ауыстыру рәсімін қамтитын «жүк транзиті» ұғымы енгізіледі. Үшінші бағыт бойынша, қазіргі уақытта кірме жолдарды бөлшектеп алу жағдайы орын алып отыр. Яғни, ірі меншік иелері жеке бөліктерді сату арқылы бір кірме жолды бірнеше бөлікке бөледі. Және жаңа тармақ иелеріне жеңілдетілген тәртіпте көрсетілетін қызметтер үшін жоғары тариф бекітеді. Сондай-ақ, вагондардың бағыттамалы бұрмалар арқылы жүріп өткені үшін жеке төлем алу оқиғалары кездеседі. Сондықтан, кірме жолдар қызметтерін тұтынушыларының құқықтарын қорғау үшін заң жобасымен кірме жолдарды сату және сатып алу шарттарын табиғи монополия саласындағы уәкілетті органмен келісу, қайтадан сатып алынған жолдарға жаңа тарифтер бекіту, тек тұтынушыға дейінгі кірме жолдың қашықтығына төлем алу, бағыттамалы бұрма арқылы ақысыз жүріп өтуді регламенттеу нормалары қарастырылған. Заң жобасын Парламент Мәжілісінде келісу барысында депутаттар жол жүру билеттерін заңсыз сату, қайта сатқаны үшін жауапкершілікке тарту, сондайақ, құрылыс жобаларын мекемеден тыс кешенді сараптама жасау мәселелері бойынша түзетулер енгізді. Оның ішінде, жеке және заңды тұлғаларға жол жүру құжаттарын заңсыз сату, қайта сату үшін әкімшілік жауапкершілік қайта енгізіліп, айыппұл мөлшері 100ден 500 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылды.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті