«ҚТЖ билеттері» – мобильді қосымша

Жаңалықтар
23.12.2019, 17:25

«Жолаушылар тасымалы» АҚ билеттердің электрондық сатылымын жетілдіру мақсатында мобильді қосымшаны іске қосқалы отыр. «ҚТЖ билеттері» деп аталатын қосымша Android платформасында жол жүру құжаттарын сату бойынша функцияны атқармақ.

Бұл қосымша өзінің функционалы бойынша «BILET. RAILWAYS.KZ» сайтымен бірдей және «Күту парағы» қызметі сақталған. Қосымшаны Play Market арқылы – https//play.google.com/store/apps/details?id=kz. railways.bilet.ktjbilets (ҚТЖ билеттері) сілтемесі бойынша жүктеп алуға болады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз-қызметі ұсынған дерекке сүйенсек, қосымша тестілік режимде жұмыс істейтіндіктен, Компания интерфейсті және қажетті функционалды жақсарту бойынша clpp2012@ mail.ru эл.поштасына пікірлер мен ұсыныстарды қуана қабылдайтындарын жеткізіп отыр.

Ұлттық тасымалдаушы жол жүру құжаттарын (билеттерді) BILET.RAILWAYS.KZ интернет-ресурсында немесе билет кассалары, бөгде интернет-сайттар, өзіне-өзі қызмет көрсету автоматтары («КИВИ» және «Касса-24» сауда маркаларымен) арқылы немесе пошта бөлімшелерінің қызметтерін пайдалана отырып, рәсімдеуге болатынын еске салады. Егер орын болмаған жағдайда, пойыз жөнелтілгенге дейін 7 тәулік бұрын «Күту парағы» қызметін тегін пайдалануға болады.

Осы ретте, компания қызметкерлері еліміздің азаматтарын билеттерді сатып алу кезінде бөгде адамдардың күмәнді қызметтерін пайдаланбауға, ал билеттерді заңсыз сату фактілері анықталған кезде белсенді азаматтық ұстаным танытып, вокзал кешендерінде орналасқан ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің Желілік полиция бөлімдеріне жүгінуге шақырып отыр. Сонымен қатар пойыздарда компания қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерінің куәсі болған жағдайда «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директорының блогына бейнематериалдарды қоса отырып, http://www.temirzholy.kz/blog-predsedatelyapravleniya/ сайтына ақпарат жіберулерін сұрайды. Сонда ғана заңсыз әрекеттердің тамырына балта шауып, тәртіп орнатуға болады.

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?