Табысқа жолдама

Жаңалықтар
22.12.2019, 17:38

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Басқарма төрағасының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары Әділжан Ізмұхамбетов компания қызметкерлеріне арналған мотивациялық speak-up сессиясын өткізді.

Жас инженерлер, пойыздардың машинистері, вагон қараушылар, станция кезекшілері, шеберлер, қабылдаушылар, операторлар басшының өз аузынан оның кәсіби және мансаптық өсу тарихын білді. Әділжан Ізмұхамбетов өзінің өмірбаянын егжей-тегжейлі баяндай отырып, жастарды өз мүмкіндіктер мен күш-жігерлеріне сенуге, өзін-өзі ұстай білуге және жеке бас тәртібіне көңіл бөлуге шақырды.

Жүзбе-жүз әңгімелесу барысында жиналған жастар теміржолдағы қозғалыс қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелерді қозғап, сондай-ақ, әріптестерімен тілдесу барысында корпоративтік этика кодексін сақтау туралы ой-пікірлерін ортаға салды.

– Белсенді көзқарас ұстанымындағы жастарды компанияның даму перспективалары, еңбек жағдайы, әлеуметтік мәселелер толғандырады. Бізге олардың өздерін инвестициялағаны, өз әлеуеттерін жүзеге асырғаны аса маңызды, – деп атап өтті Әділжан Ізмұхамбетов.

«Кез келген лекция немесе мотивациялық әңгіме – бұл жекебастың дамуы үшін стимул болмақ. Біз басшылықтың бізге тікелей шығып әңгімелескеніне қуаныштымыз. Біз өзімізді қызықтырған сұрақтарды қойып, оларға сол жерде дереу жауап алу мүмкіндігіне ие болдық», – дейді аға вагон қараушы Дәурен Хасенов.

Кездесу соңында теміржолшылар басшылықпен осындай мотивациялық кездесулер тұрақты өткізіліп тұрса деген тілектерін білдірді. 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?