Темір жолға кедергі жасама...

Жаңалықтар
27.12.2019, 12:31
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

«Темір жол – өте қауіпті аймақ» деп жазыла-жазыла жауыр болса да қайталап айтудан теміржолшылар да жалығар емес. Өйткені, мамандардың пікірінше, егер жергілікті тұрғындар пойыздар қозғалысына сырттан қауіп төндірмесе, теміржолда апаттар азаяр еді.

Теміржолдың төңірегіндегі халық қауіпқатерді қанша ескертсе де құлақ асар емес, өз өмірлерімен қатар-қатар пойыздар қозғалысына да айтарлықтай қауіп төндіруде. Қаншама адам жылжымалы құрамның астына түсіп, өлім құшуда. Мәселен, жыл басынан бері Шымкент жүк тасымалы бойынша аймақта 13 оқиға орын алған. Оның екеуі – суицид, қалғаны абайсызда болған жол апаттары. Яғни, адамдардың өз өміріне немқұрайлы қарап, теміржолдың қауіпті екендігін әлі де жете аңғара бермейтінін көрсетеді.

«Егер адамдар мұнша жауапсыздық танытпаса, осы аталған жағдайларды болдырмауға болар еді. Біз станция қызметкерлері және жол полициясымен бірігіп түсінік жұмыстарын жүргізудегі мақсатымыз да осы. Қозғалыс қауіпсіздігін сақтау бағытындағы түйінді мәселелерді бірлесе шешіп, оңтайлы жолдарын топтаса іздестіруге тырысамыз. Осы ретте, әр адам өз өміріне өзі жауапты болса және жайылымда жүрген малына ие болса, әсіресе, шағын станциялар мен разъездерде тұратын адамдар, әрбір көлік жүргізушісі «асықпаған алысқа жетеді» деген қағиданы ұстанып, жолда мұқият болса, кез келген жол-көлік оқиғасының алдын алуға бола ма? Әрине, болады! Ата-аналар мен мектеп мұғалімдері теміржолдың бойы ойын алаңы емес екенін балаларға айта-айта құлағына сіңіруі керек. Одан қалды мектептерде жол қауіпсіздігі тақырыбына арналған тәрбие сағаттары, семинарлар қашан балалар санасына сіңіргенше өткізіле бергені жөн. Қысқасы, темір жолға кедергі жасамаса», – дейді Шымкент станциясының еңбек қорғау жөніндегі жетекші инженері Гүлжайна Талғатқызы.

Теміржол саласының мамандары, сонымен қатар темір жолдың бойына төрт түлігін қараусыз жайып жіберетіндерден де үлкен қауіп төніп тұрғанын жоққа шығармайды. Оларға теміржол бойына 200 метрге дейін жақын жерге малды тек арқандап жаюға болатыны, ал 200 метрге таяу болса, міндетті түрде қасында малды қарап жүрген бағушысы болуы тиіс екені талай рет айтып түсіндірілсе де осы талапты орындамай, теміржол қауіпсіздігіне қасақана қауіп төндіреді. Ондайлар міндетті түрде қылмыстық жауапқа тартылады. Өйткені, осындай жауапсыздықтар кесірі әртүрлі жол апаттарына, тіпті пойыздардың аударылып кетуіне соқтыруы әбден мүмкін. 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты