Түбек темір жолында теміржолшыларды марапаттады

Жаңалықтар
16.12.2019, 14:51

Түбек темір жолында Тәуелсіздік күні құрметіне орай өткен салтанатты жиынға Маңғыстау жүк тасымалы мен магистральдық желі бөлімшелерінің директорлары, бөлімшелерге қарасты мекемелердің басшылығы мен қызметкерлері, кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, сала ардагерлері, тағы басқа теміржолшылар қатысты.

Жүк тасымалы бөлімшесі директоры Нәжімеден Ғұбашов көпшілікке мерекелік тілегін арнап, Тәуелсіздік жылдарында Маңғыстау теміржолының жеткен жетістіктеріне тоқталып, атқарылған ілкімді істерді тілге тиек етті. Онда әрбір теміржолшының еңбегі ерекше екенін атады. Магистральдық желі бөлімшесі директоры Мұхтар Бақтыгереев та әріптесінің сөзін жалғастырып, жүрекжарды тілегін жеткізді. Ардагерлер атынан Маңғыстау ардагерлер кеңесінің төрағасы Амандық Алдабергенов ізгі тілегін арнады. Құттықтаулардың соңы марапаттау рәсіміне ұласып, талай теміржолшы түрлі құрмет, қошеметке бөленді. Атап өтсек, Коркөл бекетінің басшысы Ідіріс Кисманов, Маңғыстау локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисі Рысбай Қазыев «Адал еңбегі үшін» төсбелгісін тақты.

Маңғыстау локомотив пайдалану депосының депо кезекшісі Амангелді Қошмағамбетов, Маңғыстау вагон пайдалану депосының жетекші есепшісі Дәметкен Максумова, Маңғыстау станциясының «Р» бекетінің кезекшісі Багиза Архабаева, Бейнеу айналым депосының тепловоз машинисі Мұхтар Өтесінов, Бейнеу станциясы техникалық қызмет көрсету пунктінің автотежегіш нұсқаушысы Әлібай Жұмабаев, Маңғыстау локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисі Жамболат Жолмағанбетов, шаруашылық секторының қызметтік вагон жолсерігі Галина Шакирова «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасынның, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ Бас директорының құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын алды. Құттықадам Исмагулов, Мухамбетқали Көпбаев, Үсен Имашев, Орынбасар Аралбаев, Болған Досжанова, Төлеп Айлеков, Базарқан Аяпбергенов сынды теміржолшылар «Еңбек ардагері» атанды.

Сонымен қатар, салтанатты кеште түбек теміржолына еңбегі сіңген, зейнет жасына жеткен теміржолшыларға сый-құрмет көрсетіліп, құрмет демалысына шығарып салды.   

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?