HR академиясын дамытуда

Жаңалықтар
20.12.2019, 14:58

Биыл қараша айында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының корпоративтік мәселелер және HR жөніндегі орынбасары Серік Әбденов HR Академиясы тұжырымдамасын бекіткен еді. Соған байланысты компанияның Темір жол көлігіндегі персоналды дамыту және бағалау орталығында осы саладағы мамандарды оқыту жұмыстары жүзеге асырылуда.

HR Академиясы тұжырымдамасын енгізудегі басты мақсат – тиімді HR команда құру, кадрлық әкімшіліктен бизнес үшін анағұрлым құндырақ үдерістерге назар аудару, HR сараптамасын жаңарту. HR академияны құру ішкі ресурстар есебімен жүзеге асырылады. Оларды жылына 20-30 адамнан тұратын екі топ арқылы оқыту көзделуде. Бағдарлама 1-3 күнге созылатын модульдерден тұрады. Алғашқы модуль аталған орталықта биыл 12-14 желтоқсан аралығында өткізілді. Оған барлығы 26 қызметкер қатысқан. Бұл қызметкерлер барлық өңірдегі кадр бөлімдерінен іріктеліп алыныпты. Бүгінгі таңда компания тобында 1200-ге жуық HR қызметкер бар. Оларды аталған модульге іріктеу кезінде жеке тұлғалық және іскерлік қасиеттеріне барынша назар аударылған. Атап айтқанда, ондай негізгі тұлғалық-іскерлік қасиеттерге мамандардың тұлғалық әлеуеті, білім деңгейі, тіл табыса білу қабілеті мен бастамашылдығы жатады. Қатысушылар модуль тақырыбына сай HR негіздері, рекрутинг негіздері және біліктілігі жөнінен сұхбат деген бөлімдер бойынша білім алды. Оларды оқыту барысында теориялық базаның жартысы өз бетімен білім алуға бағытталып, ал ішкі тренингтерде теорияға да, тәжірибеге де көңіл бөлінеді. Өз бетінше білім алу дегеніміз – кітаптар, корпоративтік стандарт, онлайн курстар, ұсынылған әдебиеттер тізімі бойынша білім. Күндізгі оқу барысында НR сараптама дамуы мен HR үшін маңызды біліктіліктер қиылыстыра отырып үйретіледі.

Бірінші күнгі дәрісті компанияның Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Тамила Микулич оқыды. Қалған күндерде Темір жол көлігіндегі персоналды дамыту және бағалау орталығының бас менеджері, рекрутер Ұлан Маханбетов дәріс берді. Сонымен қатар жаттықтырушылар командасының құрамында Адами ресурстарды басқару департаментінің бас менеджері Ақмарал Байғабылова, Саян Сыздықов, Айсұлу Үрімбаева, Мадина Тәшенова, Замир Серіков, Асқар Насыров және тағы басқалары бар.

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?