Жаңа вагондармен толықты

Жаңалықтар
14.01.2020, 08:57
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жаңа жылда еліміздегі жолаушылар пойыздарының құрамы 28 вагонға жаңарды. 30 желтоқсан күні «Нұрлы жол» теміржол вокзалынан Алматы бағытына қарай жолға шыққан пойыз құрамында су жаңа 16 купелі вагонның тұсауы кесілді.

Елімізде «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында теміржол тасымалы бойынша вагон паркін жаңарту қолға алынуда. Осыған орай тек өткен 2019 жылы жаңа 63 плацкарт вагон пайдалануға берілді. Олар бүгінде оңтүстік-батыс бағыттары бойынша жолаушылар тасымалына қызмет көрсетуде. Міне, жыл соңында 16 купелі вагон оңтүстік астанаға қарай жолға шықса, тағы 12 плацкарт вагон №47/48 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Атырау» бағыты бойынша пойыз құрамына қосылды. Сонымен, бас-аяғы жаңа жылда жолаушы тасымалы 28 вагонға жаңарды. Бұлар – Ресей технологиясы бойынша отандық «Тұлпар» зауытында құрастырылған вагондар. Жаңа жыл қарсаңында жаңа вагондардан құралған құрамды шығарып салуға арналған салтанатты рәсімге «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов пен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Берік Камалиев қатысты.

– Мұның барлығы, міне, Жаңа жыл алдында жолаушыларға жақсы жағдай жасап, сервисті жақсартуға бағытталған жұмыстардың бір парасы. Біздің бес жылдық жоспарымызға сай жыл сайын 100 вагоннан алып отыру көзделген. Бұл жаңа вагондар негізінен ескірген, тозығы жеткен вагондары көп бағыттарға бөлінді. Бүгінгі таңда ел теміржолындағы вагондар паркінің 45 пайызға жуығы ескіргені белгілі. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан-Алматы, АлматыМаңғыстау, Алматы-Атырау бағыттарындағы құрамдар жаңартылды, – деп журналистерге ақпар берді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Берік Камалиев.

Бұл вагондардың басты артықшылығы – ауаны зарарсыздандыру және тазалау үшін қазіргі заманғы сүзгілермен жабдықталған кондицио-нерлеу жүйесі бар. Ал бұрын плацкарт вагондарда ауаны тазартатын ондай жүйе болмаған. Бұдан бөлек әр вагон түрлі-түсті режимде түсіретін 6 бейнекамерамен жабдықталған.

Бұл камералар вагон дәліздері мен тамбурларға қойылған. Сонымен қатар әр купеде және дәліздерде кернеуі 220В болатын электр розеткалары мен ұялы телефондарды зарядтауға арналған USB порттары орнатылған. Сондай-ақ вагондарда тоңазытқыш, қысқатолқынды пеш, ауыз су диспенсері мен ыстық су титаны бар. Тағы бір айта кетерлігі – вагондар түтін датчиктерімен, меншікті өрт шлангасымен, өрт сөндіру жүйесімен жабдықталған. Екі биоәжетхана автономды жұмыс істейді және суды зарарсыздандыруға арналған резервуарларға 1200 литр су сыяды. Вагондардың қызмет көрсету мерзімі – 40 жыл.

Статистикаға сүйенсек, өткен жылы 11 ай ішінде «Жолаушылар тасымалы» компаниясы 15 млн жолаушыны тасымалдаған. Күту парағы арқылы 95 мың билет сатылған. Сонымен бірге вагон паркінің жаңартылу билет құнына еш әсер етпейтіні айтылды

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті