Темір жол көлігі мәселелерді қамтыды

Жаңалықтар
21.01.2020, 10:50
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жыл соңы 27 желтоқсанда ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне темір жол көлігі мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар 4 мәселені қамтыды: жолаушылар тасымалын субсидиялауды оңтайландыру және ашық ету; жүктердің жасырын транзитінің алдын алу; тұтынушылардың құқықтарын қорғауды есепке ала отырып, кірме жолдар қызметтерін реттеу; және темір жол билеттерін заңсыз сату және қайта сату фактілері бойынша жауапкершілікті күшейту.

Осы заңды түсіндіру мақсатында өткен жиында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті Теміржол көлігіндегі бақылау басқармасының басшысы Елдос Нестай аталған төрт мәселенің шешімін кеңінен түсіндірді.

«Бірінші мәселеге тоқталар болсақ, қазіргі таңда теміржол жолаушыларының шығыстары мемлекеттік бюджет тарапынан субсидияланады. Бұл – вагондарды жалға алу, күтіп ұстау, сатып алу, вокзал шаруашылығы, локомотивтік тартқыш және магистральдық желі қызметтері, шығыстың басқа бір бөлігін ҚТЖ жүк тасымалы кірістері есебінен көрсетілетін қызметтерге төмен тариф орнату арқылы жабады. Бұл ішкі кросс субсидиялау деп аталады. Аталған схемада ақша ағындарын таратудың бір ортаға бағытталуы және ашықтығы жоқ еді. Жүйені ашық етіп жасау үшін заң жобасымен «Жолаушылар локомотивтері» атты жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартымның жеке операторын құру нормалары анықталды. Бұл заңды тұлға локомотивтік тартым қызметтерін өтеуге арналған субсидиялардың тікелей алушысы болып табылады. Сондай-ақ бюджеттен қосымша қаражатты қарастырмай, кросс субсидиялаудан бас тарту үшін жолаушылар тасымалдаушыларын қолдауға жүк тасымалдаушыны теңгерімдеуші төлем енгізілетін болады. Бұл жолаушылар тасымалының нақты шығындарын көруге мүмкіндік береді, – деп түсінік берді ол.

Заңдағы екінші мәселе бойынша «Жүк транзиті» ұғымы енгізілді. Жаңа нормалар жүк жөнелтушілерге транзиттік тариф төлемінен құтылуға жол бермейді. Үшінші, тұтынушылар құқықтарын қорғауды есепке ала отырып, кірме жолдар қызметтерін реттеу. Қазіргі уақытта бәріне мәлім кірме жолдарды бөлшектеу тәжірибесі орын алып отыр. Кірме жолдар қызметтері тұтынушыларының құқықтарын қорғау үшін бірінші – кірме жолдарды сату, сатып алу шарттарын табиғи монополия саласындағы уәкілетті органмен міндетті түрде келісу, екінші – қайтадан сатып алынған жолдарға жаңа тарифтер бекіту, үшінші – тек тұтынушыларға дейінгі кірме жолдың қашықтығына төлем алу, төртінші – бағыттама бұрма арқылы ақысыз жүріп өтуді регламенттеу қажеттігі туралы нормалар анықталды.

Ал төртінші мәселе бойынша, қазіргі таңда теміржол билеттерін заңсыз сату, қайта сату фактілері бойынша тиісті шараларды күшейту қажет. Заңмен жеке және заңды тұлғаларға жол жүру құжаттарын заңсыз сату 100-500 АЕК көлемінде әкімшілік жауапкершілік қарастырады. Бұл норма жол жүру билеттерін заңсыз сату, сатып алу және темір жол вокзалдарында делдалдармен күресу шараларын едәуір күшейтуге мүмкіндік береді. 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті