Теолог теміржолшылармен кездесу өткізді

Жаңалықтар
30.01.2020, 17:51
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда ӘТЖК - Семей филиалы қызметкерлері үшін діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша танымдық дәріс өткізілді. Іс-шара барысында дін істері мәселелерін зерттеу орталығының мамандары кең көлемде түсінік беріп, теміржолшылардың сауалдарына жауап берді.

Теолог мамандардың айтуынша, жалпы өңіріміздегі діни ахуал біршама тұрақты болғанымен келеңсіз жайттар да көрініс беруде. Атап айтсақ, жуырда ғана өндірістік аймақтан 16 млн теңгенің түсті металл қалдықтарын жымқырумен айналысқан топ қолға түскен, оның ішінде радикалды діни ағым өкілі де болған. Бұл жайт теміржол бойындағы қырағылықты да қалт жібермеу керектігін меңзейді.

Ал жат ағым өкілдерінің жүріс-тұрысы мен психологиясы, олардың күмәнді идеологиясы туралы теологтар арнайы дәріс өткізді. Теміржол бойындағы нысандар күзетіне ғана емес, қозғалыс қауіпсіздігіне де қатысы бар мамандар әсіресе экстремистік пиғылдағы күдікті азаматтарды анықтау туралы да мол мағлұмат ала алды.

Ақпараттық-насихаттық шара барысында ӘТЖК Семей филиалы қызметкерлері де түрлі сауалдар қойып, нақты жауаптар ала алды.

Жалпы, бүгінде Семей теміржолы бойынша «ҚР діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама» талаптары аясында барлық вокзалдар ішінде лаңкестік қауіпке байланысты жадынамалар ілініп, «қауырт желі» телефон номерлері берілген.

Сол тәрізді террорлық әрекеттің алдын алу бойынша алдын ала хабарлау, қатер орын алған сын сағаттағы қызметкерлер әрекеті туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да белсенді жүргізіліп жатыр. 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?