«Волонтерлер жылы» бағдарламаға үн қосты

Жаңалықтар
19.02.2020, 11:47
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Өткен аптада Достық станциясында ұлттық компанияның және оның еншілес ұйымдарының жастары дөңгелек үстелде бас қосты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылды «Волонтерлер жылы» деп жариялағаны белгілі. Осыған орай «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы жанындағы станция бойынша аймақтық өкілі Данияр Бимашев Волонтерлер жылына орай ұлттық компанияның «2020 қайырымды іс» бағдарламасын іске қосқанын айтты.

Сонымен қатар ҚТЖ-ның әлеуметтік желілері ашылып жатқанын мәлімдеді, атап айтқанда, ютуб каналы, инстаграм парақшаларын үлкен экраннан көрсетіп, осы желілерге қосылып, соңғы жаңалықтардан әркез хабардар болуға шақырды. Дөңгелек үстел басында жастарға ютуб каналы арқылы аталған бағдарлама аясында Challenge жолдаған аймақтардың бейнебаяндары көрсетілді.

– Қазіргі қоғамда волонтер дегенді көпшілік іс-шарада жүретіндер деп қабылдайды. Ал біз бұл көзқарастан түбегейлі арылып, волонтерлерді әр бағыт бойынша қызмет көрсетуге қабілетті команда етіп жасақтауымыз керек. Волонтерлік – жастардың өз белсенділігін көрсетіп қана қоймай, адамдарға көмек беріп, тәжірибе жинауға, өмірлік маңызды дағдыларды дамытып, әлемді жаңа қырынан көруге мүмкіндік беретін бірден-бір сала. Сондықтан, уақытты волонтерлікке жұмсау – тұлғалық дамуға құйылған инвестициялар болып табылады, – деген «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ-ның 100 жас есім иегері Батыржан Ахметжанов замандастарын «2020 қайырымды іс» бағдарламасына үн қосуға шақырды. 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті