Семей станциясында кәсіподақ комитетінің жетекшісін сайлауы өтті

Жаңалықтар
25.02.2020, 08:51
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Семей станциясында мекеменің кәсіподақ комитетінің жетекшісін сайлау жиыны болып өтті. Оған теміржолшылар кәсіподағының Семей өңірі бойынша төрағасы Алик Досанов пен станция теміржолшылары, сала ардагерлері қатысты.

Жиын барысында сөз алған станция басшысы Алтынбек Мәмбетов жүзге жуық адам еңбек ететін мекеменің өндірістен тыс қоғамдық-саяси өміріне тоқталып, сөз кезегін станциядағы кәсіподақ ұйымының төрайымы Шәрбат Мейірмановаға берді.

Өткен жылға есеп берген кәсіподақ төрайымы станциядағы еңбек қатынастары мен теміржолшыларының әлеуметтік ахуалын жақсартуға бағытталған іс-шаралар қатарын әңгімеледі. Ұжымдық келісімшарт аясындағы жұмыстарды да тілге тиек етті. Кәсіподақ қызметінде он жылға таяу уақыт еңбек етіп келе жатқан Шәрбат Төлеубекқызы осыдан бес жыл бұрын дауыс беру кезінде көпшілік сеніміне ие болған еді. Жалпы, бөлімшедегі ең іргелі ұжым саналатын Семей станциясының қоғамдық өмірі мейлінше жарқын.

Спортшылар кәсіподақ ұйымының демеушілігімен спорттық формамен, құралдармен қамтылған. Теміржолшылар жылдың әр мезгілінде табиғат аясында бой жазып, түрлі іс-шаралар өткізеді. Есептік баяндаманы тыңдап шыққан салалық кәсіподақ комитетінің басшылары қанағаттанарлық деп баға берді.

Ал дауысқа салу барысында Семей станциясының қызметкерлері бірауыздан дауыс беріп, Шәрбат Төлеубекқызы қайта сайланды. Бұл кәсіподақ жетекшісінің үлкен сенімге ие болғанын көрсетеді.   

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті