Халықтың ортасында өткен жиын

Жаңалықтар
04.03.2020, 16:28

Маңғыстау теміржол вокзалында жолаушылармен ерекше кездесу өтті. Онда құзырлы орган өкілдері вокзалға келген халықтың сұрақтарына жауап берді. Түрлі салада түсінік беріп, қажет кеңестерін ұсынды.

Кездесуді ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заң талаптарын орындау мақсатында Маңғыстау станциясындағы Желілік полиция бөлімшесі биылғы жылға арналған жоспарына сәйкес ұйымдастырды. Оған қатысып, жолаушыларды тыңдағандар қатарында «Жолаушылар тасымалы» АҚ Маңғыстау телімі бастығы Батырбек Чилимбаев, Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі директорының вокзал шаруашылығы бойынша орынбасары Рустам Тухтиев, Маңғыстау ст. ЖПб бастығы Еркебұлан Изкенов, көлік прокуратурасы мен «Нұр Отан» партиясының өкілі болды. «Вокзалға келген азаматтарды қабылдау барысында оларды жанжақты ақпараттандырудан бөлек, ұсыныс, өтініш-тілектерін де тыңдадық. Мәселен, біреу вокзал алаңын жарықтандыру керектігін алға тартты. Нұрлыбай Дарханов деген азамат теміржолдың арғы жағында орналасқан Дәулет ауылымен байланыстыратын теміржол үстінен көпір салу мәселесін көтерді. Қойлыбай есімді жігіт вокзалда халықтың жүгін тасуға жалданып жүргенін айтып, жұмыс сұрады. Мұндай мәселелердің бәрі назарға алынды, алдағы уақытта қажетті жерлерге жеткізетін боламыз», – дейді шараны ұйымдастырушылар.

Сондай-ақ сол күні №037 «Маңғыстау-Нұр-Сұлтан» бағытындағы жолаушылар пойызында да құқықтық, профилактикалық түсінік жұмыстары жүргізілді. 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?