Сый-құрметке лайық: ҚТЖ басшылығы әйелдерді арнайы құттықтады

Жаңалықтар
06.03.2020, 09:10
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Айман, Айзат, Меруерт... атына заты сай, әдемі де сұлу бұл арулар теміржолдың кәсіби мамандары. Тегін емес, бір қасиетімен ерекшеленген жандар. Сондықтан мереке қарсаңында олар «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының назарына ілігіп, елорда төрінде сый-құрметке бөленді.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов пен Компанияның бас инженері-басқарушы директоры Батыр Котырев бастаған ер-азаматтар әйелдерді арнайы қабылдап, мерекелерімен құттықтады. «Ең сенімді, еңбекқор әйелдер – біздің теміржолшы әйелдер. Сондықтан сіздерге деген құрметіміз бен алғысымыз шексіз, аяулы жандар!» деді өз сөзінде Қ. Әлмағамбетов.

Биыл «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының мерекелік шарасына қатысуға еліміздің түкпір-түкпірінен 20 әйел шақырту алса, соның үшеуі теміржолшы. Олардың қай-қайсысы да қоғамның түрлі саласында ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген жандар. Олар – былтыр пойызда жүкті әйелді босандырып алуға ықпал еткен «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Экспресс» филиалының бастығы Меруерт Қорабаева, 6 баланың анасы, Жаңақорған станциясы вокзал бастығының кезекші көмекшісі Айзат Ерназарова және Астана вагон пайдалану депосының вагон қараушысы Айман Жұмаділова.

Былтыр күзде пойызда жолаушы әйелді босандырып алған жолсеріктер басшысы, салада 14 жылдық тәжірибесі бар Меруерт Қорабаева жақында осы еңбегі үшін Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының «Жылы жүрек» аталымы бойынша марапатқа ие болған еді.

– Мен үшін 2019 жыл өте жемісті жыл болды. 23 қыркүйекте біздің пойызда жолаушы әйел босанды. Бұл сол жылдың ең жарқын оқиғасы болды. Медициналық білімім болмаса да бізді кез келген төтенше жағдайға дайын болуға үйретеді.  

Қызмет барысында біз көмектесеміз, емдейміз, үйретеміз, шұғыл жағдайларда құтқарамыз, тіпті адамның өміріне араша түсетін де сәт туындайды. Міне, бүгін тағы құрметке бөленіп, ең мықты қазақстандық қыз-келіншектермен бірге ЭКСПО көрмесін араладық, үлкен мейрамханада біз үшін мол, мерекелік дастархан жайылып жатыр, сондай-ақ қор басшысының қолынан марапат алдық», – дейді Меруерт Қорабаева жүзі жадырап.

Ал сонау Сыр елінен келген «Күміс алқа иегері» Айзат Ерназарова болса, бұл жолғы сапарына дән риза екенін бал-бұл жанған жүзінен байқау қиын емес. Ол ЭКСПО көрмесін алғаш рет тамашалапты. Вокзал шаруашылығында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Жап-жас сұлу келіншектің алты баласының үлкені 26 жаста болса, кішісі 3 жарым жаста екен. Кім біледі, алып та, батыр да анадан туа ды деген, Айзаттың ұлдарының арасынан болашақта талай ел билеген азаматтар шықпасына кім кепіл?!

Үшінші кейіпкеріміз Айман Жұмаділова – нағыз теміржолдың өндірісінде шыңдалған маман. Болат жолда вагон қараушы әйелдерді кездестіру өте сирек жағдай. Ол өз өмірінің 27 жылын осы салаға арнапты. Әлі де тәжірибелі вагон қараушы ретіндегі жұмысын жалғастыруда. Әріптестері оны жауапкершілігі мол, бастамашыл, ұйымдастырушылық қабілеті зор маман ретінде жоғары бағалайды. Биыл қаңтар айында Айман еңбек ететін ауысым 90573 жүк вагонына, 67916 жолаушылар вагонына қызмет көрсетіпті. Тәжірибелі маман бүгінде шәкірт тәрбиелеуде де жетістіктен кенде емес.

«Самұрық Қазына» АҚ басқарма басшысымен кездесуде А.Есімов ел көшін өрге сүйрейтін нәзік жандардың орны отбасында да, қоғамда да бөлек екенін жеткізді. 

Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
23.07.2026
Транскаспий дәлізін дамыту: Олжас Бектенов Маңғыстаудағы стратегиялық жобалардың жүзеге асуын тексерді
Аймақтар
23.07.2026
Теміржолшылар мал иелеріне мал жаю ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.07.2026
Шалқарда ҚТЖ мен Wabtec серіктестігі аясында жаңа өнер мектебі салынып жатыр
Әлемде
23.07.2026
Германияның барлық вокзалында алкоголь тұтынуға тыйым салынады
Жүк тасымалы
23.07.2026
ҚТЖ желісі бойынша жарты жылда 157 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды