Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне өзгерістер енгізілді

Жаңалықтар
13.03.2020, 10:01
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Жолаушылар тасымалы» АҚ бірқатар жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне өзгерістер енгізілгенін хабарлайды. Сәуірден бастап кестеге енгізілетін жаңа бағдарлар төмендегідей.

Атап айтқанда, биыл 1 сәуірден бастап «Тұлпар-Тальго» вагондарынан тұратын жаңа №19/20 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Атырау» жүрдек пойызы тақ күндері Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол станциясынан жөнелтілмек. Ал 3 сәуірден бастап №54/53 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолДостық» бағытындағы жолаушылар пойызының қатынау жиілігі аптасына 2 ретке көбейтіліп, елордадан жұма және дүйсенбі күндері жөнелтілетін болды.

Сонымен қатар мереке күндеріне орай «Алматы-2-Нұр-СұлтанНұрлы жол» бағытындағы «Тұлпар-Тальго» вагондарынан тұратын жолаушылар пойызына қосымша ретінде Алматы-2 станциясынан 25, 26, 27, 28, 29, 30 наурызда, ал Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол станциясынан 26, 27, 28, 29, 30, 31 наурызда жөнелтілетін қосымша 6 рейс іске қосылмақ.

Сондай-ақ, сәуірдің бірінен бастап «Алматы-2-Нүкіс» бағытындағы жолаушылар пойызының бағдары Сарыағаш станциясына дейін қысқартылады және Алматы-2 станциясынан тақ күндері жөнелтіліп, күн ара қатынайтын болады. Бұған қоса 2 сәуірден бастап тасымал- даушысы «Otpan Logistic» ЖШС болып табылатын «МаңғыстауАқтөбе» бағытындағы жолаушылар пойызының және Өзбек темір жолы құрастырған «Мискен-Бейнеу» бағытындағы жолаушылар пойызының құрамында «Маңғыстау-НүкісМаңғыстау» бағытында тікелей қатынайтын вагондар, 1 сәуірден бастап «Алматы-2-Алтынкөл» бағытындағы және №91/92 «НұрСұлтан-Нұрлы жол-Қызылорда» бағытындағы жолаушылар пойыздары қатынастан алып тасталады. «Алматы-2-Петропавл» бағытындағы жолаушылар пойызы Алматы-2 станциясынан 25, 26, 27, 28, 29, 30 наурызда, ал Петропавлдан 26, 27, 28, 29, 30, 31 наурызда уақытша тоқтатылады.   

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті