Көшкін қаупін сейілтті

Жаңалықтар
10.04.2020, 11:56

Сәуір туғанмен қыстай жауған қалың қар барлық жерде ери қойған жоқ. Демек, көшкін қаупі бар деген сөз. Бұл әсіресе, көктем кеш келетін солтүстік пен шығыс өңіріне тән.

Осыған орай, «ҚТЖ»ҰК»АҚ – Магистралдық желі дирекциясы темір жолдың көшкін болуы мүмкін учаскелерінде жарылыстар жүргізіп, көшкін қаупін сейілтуде. Атап айтқанда Шығыс Қазақстан облысында көшкіндер мен тастардың құлауының алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шаралар орын алды.

Семей магистральдық желі дирекциясының шығыс өңірі бойынша директорының орынбасары Әлібек Шумановтың мәлімдеуінше, Серебрянск және Защита жол дистанцияларында су тасқынына қарсы пойыздар жасақталған. Бүгінгі таңда қар 70% дейін еріген, ал өзенкөлдерде, әсіресе Бұқтармадағы су деңгейінің көтерілуі тау бөктерінде қар ери бастайтын мамыр айында орын алады деп күтілуде. Су тасқыны жағдайына тұрақты бақылау ұйымдастырылған. Көшкін қаупі бар учаскелерден қар түсіру үшін қажетті жарылыс жұмыстары жүргізіліп, жасанды құрылыстар қар мен мұздан тазартылуда. Жұмыс бригадасы құрамына кәсіби алипинистер де кіріп отырғанын атап өту керек.

Жалпы алғанда, өткен жылдар тәжірибесі еліміздің барлық өңірінен 673 қауіпті орындарды айқындап берді. Бүгінде белгіленген қауіпті орындарға тәулікбойғы кезекшілік, қосымша шолулар мен барлаулар ұйымдастырылған.

Магистральдық желі дирекциясының мәліметінше, бүгінгі таңда қажетті материалдармен жарақтандырылған 42 тасқынға қарсы пойыз жасақталған.  

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?