Тасқын су кезінде бейнекамерамен бақылануда

Жаңалықтар
14.04.2020, 09:23
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ – Магистральдық желі дирекциясы көктемгі тасқын су кезінде жолдар мен жасанды құрылыстардың тұрақты жұмысын және сақталуын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар ұйымдастырушылықтехникалық шараларды жалғастыруда.

Өткен жылдардың талдауын есепке ала отырып, барлық аймақ бойынша су басу қаупі бар жерлер, өзен-көлдер, құбырлар, көпірлер, тағысын тағы 670-тен астам жер анықталып, сол жерлерде бақылау күшейтілген.

– Әзірге аса қауіп төндіріп тұрған жағдай байқалмайды. Тасқын су болуы ықтимал деген жерлерге жауапты тұлғалар тағайындалып, тәулік бойы кезекшілік қойылған. Бұған қоса қосымша тексерулер өткізіліп, қауіпті жерлерге шолу жасалуда. Бүгінде көпірлер, құбырлар, құдықтар қардан тазартылып, су арналары, арықтар аршылған. Атбасар теліміндегі Жабай өзеніне бейнекамера қойылып, үнемі бақылау жасалып отыр, – дейді Дирекцияның қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі атқарушы директоры Бахытбек Алдажаров.

Еске сала кетсек, бүгінде Дирекция әлдеқандай жағдай бола қалса, ағын суды тоқтатуға қойтастар, рельс пакеттері, кондициялық емес темірбетон шпалдар тиелген 42 пойыз дайындап қойған. Мұнымен қатар жол дистанциялары 2500 текше метрге жуық қойтас пен 6400 бірлік шамасында кондициялық емес темірбетон шпалдар дайындап отыр. Яғни, теміржолшылар қазіргі елдегі төтенше жағдайға қарамастан, табиғи залалдың алдын алуға тастүйін дайын деген сөз.

Сонымен қатар, осыған дейін біз Шығыс Қазақстан облысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының теміржолшылары көшкін қаупін сейілткен бірқатар іс-шаралар өткізгенін хабарлаған болатынбыз. Атап айтқанда, көшкін қаупі бар учаскелерден қарды мәжбүрлі түсіру үшін қажетті жарылыс жұмыстары жүргізіліп, жасанды құрылғылар қар мен мұздан тазартылған.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті