Электровозды шұғыл тоқтатуға мәжбүр болған

Жаңалықтар
15.04.2020, 09:32
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Манкент станциясында 2 жаяу жүргіншілер көпірі бар, арнайы 20 қауіпсіздік белгісі орнатылған. Бірақ, өкінішке орай, жергілікті тұрғындар көбіне көпірді қолданбайды, қауіпсіздік белгісіне мән бермейді. Салдарынан қауіпті оқиғалар орын алып жатады.

Осы жылдың ақпан айында ауысымға шыққан №2003 пойызының машинисі Иманбаев электровозды шұғыл тоқтатуға мәжбүр болған. Өйткені ол станцияның бас жолы саналатын бірінші жолдан өтуге бет алған бөгде адамды көзі шалып қалады. Пойыздың шұғыл тоқтау себебін тексере келе, 10 минут бұрын дауыс күшейткішпен бірінші жолдан пойыз өтетіні жайлы хабарлама қайтақайта жасалғаны анықталады.

Сәуір айының басында станцияның шыға берісіндегі бағыттамалы бұрма жанында №2216 пойызының машинисі Иваненко де шұғыл тежегіш жасауға тура келген. Бұған да сол, арнайы өткелден өтуге ерініп, жолды кесіп өтпек болған адам себеп болған. Сағат кешкі бестер шамасында болған шұғыл тежеуден абырой болғанда адам зардап шеккен жоқ.

Станция қызметкерлері желілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп тұрақты түрде рейд жүргізіп отырады және «Теміржол маңы – аса қауіпті аймақ» тақырыбында мектептерде түсіндіру жұмыстарын өткізеді. Олар халыққа теміржол аймағында құлаққаппен жүрмеуді, әр дыбысқа назар аударуды, теміржолдан арнайы өтпе жолдар арқылы өтуді, вокзалдан асығып шықпай жан-жаққа қарау керектігін ескертумен келеді. Теміржол нысандарында токтың кернеуі 27000 вольтты құрайтынын да жиі қаперге салады. «Теміржолда болатын қайғылы жағдайлар белгіленген орындардан өтпеу, рельс үстімен жүрмеу сынды ережелердің бұзылуынан болып жатады. Егер де тұрғындар мен жолаушылар теміржол бойындағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтайтын болса, қайғылы жағдайлар орын алмас еді. Алайда, көпшілік, әсіресе жасөспірімдер ескертулерді елемейді. Ол аздай пойыздың төбесіне, жылжымалы құрамдардың үстіне шығып кететін бұзақы жасөспірімдер бар», – дейді Манкент станциясы басшысының орынбасары Асхат Ақберді. 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты