Тоқсандағы жұмысты табысты қорытындылап отыр

Жаңалықтар
17.04.2020, 11:26
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ақмола жүк тасымалы бөлімшесінің ұжымы үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанындағы жұмысты табысты қорытындылап отыр.

Биыл қаңтар-ақпан айларында теміржолшыларға жұмыс істеуге метео-жағдай өте қолайсыз болғаны анық. Қалың қар үсті-үстіне жауып, телімдерді басты, қатты жел тұрды, ауа температурасының тәулік бойы құбылуы байланыс желілері мен линияларда, электровоздар пантографтарында мұз қатып қалуына әкелді. Мұның бәрі жұмысты қиындата түсетіні айтпаса да түсінікті. Соған қарамастан бөлімше қызметкерлері өз міндеттерін абыроймен атқарып, вагон және локомотив паркін пайдалануға қатысты барлық сапалық көрсеткіштерді толық орындауға қол жеткізді.

Ақмола ЖТ бөлімшесінің оперативті-басқарушылық бөлімінің бастығы Расул Боратаевтың айтуынша, жүк тасымалы бөлімшесіндегі стратегиялық мәселенің бірі контейнерлік пойыздардың бағдарлық жылдамдығын орындау екен. Бұл тұрғыда биылғы бірінші тоқсанда Қытай – Еуропа – Қытай бағытына ұйымдастырылған контейнерлік пойыздарды өткізудегі оң динамика сақталған. Яғни, KPI жоспарының орындалуы 101,4% құраған. Бөлімше ұжымы осы жылдың алғашқы үш айында қол жеткізген пайдалану көрсеткіштерінің қарқынын бәсеңдетпей, одан әрі жалғастыруды мақсат етіп отыр.

– Бүгінде Ақмола ЖТ бөлімшесі басымдық беріп отырған міндет, әрине, ең алдымен пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі мен өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Сонымен қатар шығындарды оңтайландырып, еңбек өнімділігін арттыру, сондай-ақ, сапалы көрсеткіштерді жақсартып, ұлттық компания алға қойып отырған контейнерлік пойыздардың бағдарлық жылдамдығын арттыруға қатысты міндетін орындау. Автоматтандырылған басқару жүйесін дамыту шарасы да назардан тыс қалмақ емес. Біз осы мақсат-міндеттерді іске асыруға ұжым болып жұмылудамыз, – деді бөлім бастығы. 

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға