Тепловоз машинистері 4 мәрте жедел тежегіш басуға мәжбүр болған

Жаңалықтар
18.04.2020, 17:20
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда темір жолының солтүстік аумағындағы Сексеуіл-Қоскөл жаңа телімі мен Сексеуіл-Аралқұм бекеттері арасында пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігінің сақтауына жауап беретін Сексеуіл жол дистанциясының теміржолшылары жыл басынан бері қауіпсіздіктің бұзылуына жол бермеген.

Дегенмен, теміржол – қозғалыс ортасы болғандықтан түрлі кедергілер жоқ емес, осы уақыт аралығында тепловоз машинистері 4 мәрте жедел тежегіш басуға мәжбүр болған. Оның үш жағдайында жолға иесіз мал шыққан болса, біреуінде бөгде адам рельс үстіне шығып қозғалысқа кедергі келтірген.

Дистанция теміржолшылары жолдардың бабын жасаумен қатар иесіз малдың жолға шығып кетпеуінің алдын алу үшін жергілікті ауыл әкімдіктеріне хат жолдап, теміржолдың қауіпті аймақ екенін түсіндіру жұмыстарын жүргізуден кенде емес. Түсіндіру жұмыстарына кейде жергілікті билік өкілдері мен полиция өкілдері де қатыстырылады.

Мәселен дистанция тарапынан Қарақұм, Шижа, Сексеуіл және Арал ауданы әкімдігіне Күршек және Октябрь ауылдық окургі тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізілуін сұрап 13 мәрте хат жолданып, теміржолға жақын қоныстанған елді-мекен тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілген, бірақ одан нәтиже шамалы болып, қауіп сейілмей тұр.

Насихат жұмысына орай тұрғындармен 3 рет жиын өткізіліп, 553 адамға ҚР кодексінің 559 бабының 1-5 тармақтарынан үзінділер таратылған. Мал шаруашылығы иелеріне де теміржол бойында мал жаю қауіпті екендігі түсіндіріліп, теміржолда арнайы белгіленген жерден өту керектігі жөнінде 103 мектеп оқушысы құлағдар болған.

– Дистанция бойынша есептегі 15 теміржол өткелінің 4-уі күзетілетін болса, 11 өткелде күзет қойылмаған. Дегенмен әр айда кемінде екі мәрте өткелдегі жағдай жоспарлы және тосыннан тексеріледі. Жыл басынан бері 16 рет тексеру өткізіліп, рейд жұмысына теміржолшылармен қатар жергілікті ауылдық округ және жол полициясы өкілдері қатыстырылды. Рейд жұмысы кезінде теміржолда қауіпсіздікті сақтау, теміржол өткелінен өту жайлы ережелерімен 3227 автокөлік иесі таныстырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, жалпы қауіпсіздікке еш кедергі жоқ, – деді дистанцияның жол инженері Бауыржан Төлегенов.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда