«Теміржолсу-Арыс» тарифті төмендетті

Жаңалықтар
20.04.2020, 19:10
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Түркістан облысы бойынша теміржол мекемелерін, бюджеттік және коммерциялық мекемелерді және теміржол бойында орналасқан халықты ауыз сумен қамтамасыз ететін «Теміржолсу-Арыс» серіктестігінің де бірқатар қызметкерлері республикадағы төтенше жағдайға байланысты қашықтан жұмыс істеу тәсіліне көшті.

Десе де, мекеме өз жұмысын жыл басында нақтылап алған жоспар бойынша жалғастырып келеді. Атап айтқанда, мекеменің осы жылдың бірінші тоқсандағы жоспарлы шығыны 114002 мың теңге, нақты шығыны – 101729 мың теңге болып бекітілді, яғни айырмасы – 12273 мың теңгеге жақсартылды. Қаңтар-наурыз айларында су көлемі жоспарда 318,438 м3, яғни 68738 мың теңге болған. Оның 327,777м3 орындалып, 69500 мың теңгені құрады. Тағы бір айта кететін жағымды жаңалық, сумен жабдықтаушы мекеме тұтынушылар үшін тарифті төмендеткен. Бұл да болса елдің басына қиын-қыстау кезең туғанда халыққа жасаған тамшыдай болсын көмек.

– Елімізде төтенше жағдайдың орын алуына байланысты таратушы желілер арқылы бекітілген ауыз судың 1 м3 үшін тұтынушыларға тарифтік бағасы 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап төмендетілді. Айталық, бюджеттік мекемелер үшін – 170,95 теңге, 10,1%, жеке су тұтынушылар үшін – 49,87 теңге, яғни 4% және қосымша құн салығынсыз беріледі. ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты біздің «Теміржолсу» мекемесі де «ҚТЖ» ҰК» АҚ COVID-19 коронавирустық пандемиясымен байланысты төтенше жағдайларды басқару жөніндегі штабтың шешіміне негізделген бірқатар шараларды қолға алдық. Сумен жабдықтауға және ауыз суды пайдалануға байланысты кәсіпорында санитарлық және дезинфекция шараларын күшейттік. Өндіріс персоналдары медициналық маскалар мен қолғаптар, санитарлық тазартқыштар мен антисептиктермен толық қамтамасыз етілді. Санитарлық талаптарды ескере отырып, қызметкерлерді мүмкіндігінше қашықтан жұмыс жасауға көшірдік, – деді «ТеміржолсуАрыс» ЖШС директоры Қ.Нарбеков.

Жалпы, серіктестікте 176 адам жұмыспен қамтылған. Арыс қаласының айналасындағы қозғалыс режиміне сәйкес 2020 жылғы 6 сәуірден 19 сәуірге дейін әкімшілік-басқару персоналы мен 15 адам қашықтан жұмыс жасауда.   

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты