Жүк жөнелтушілерге жеңілдік

Жаңалықтар
23.04.2020, 19:59
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы елімізде төтенше жағдайлар жарияланған кезеңде жүк тасымалына байланысты Қазақстанның жүк жөнелтушілерін бірқатар төлемдер мен алымдардан және айыппұлдардан босатып отыр.

Атап айтқанда, форсмажорлық жағдаймен байланысты: жүктерді тасымалдау жоспары бойынша тапсырысты орындамағаны үшін айыппұл; жүктерді сақтағаны үшін 10 еселік алым; вагондар мен инвентарлық (ортақ) парк контейнерлерін пайдаланғаны үшін төлем; маневрлік локомотивтің жүру қашықтығы үшін алым есептелмейді.

Жалпы алғанда, жүк жөнелтушілер 500 млн теңгеден астам сомаға алымдардан, төлемдерден және айыппұлдан босатылады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап «Қазтеміртранс» АҚ төтенше жағдайлар кезінде өз клиенттерін қолдау мақсатында тиеу және түсіру кезінде меншікті пайдалану паркі вагондарынан кіреберіс жолдарда тоқтап тұрғаны үшін алым алмауға шешім қабылдап отыр.

Бүгінгідей елімізде төтенше жағдай жарияланып, өндіріс орындары тоқтап, жан-жақпен байланыс үзіліп отырған қиын да күрделі шақта бұл – шағын және орта бизнес иелері, жергілікті жүк жөнелтушілер үшін үлкен жеңілдік екені сөзсіз.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті