«Жасыл дәліз» жобасы: ішкі тасымалға серпін берді

Жаңалықтар
23.04.2020, 21:12
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Еліміз бойынша енгізілген карантиндік жағдайда теміржол саласы жүк тасымалында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың күшейтілген шектеулер кезеңінде әлеуметтік маңызы бар тауарлар тасымалына арналған «Жасыл дәліз» жобасын кеңейту туралы тапсырмасы өзгеше серпін беруде.

Мысалы, соның нәтижесінде Семей ЖТ бөлімшесіндегі логистикалық мәселелер оң шешімін тауып жатыр. Яғни, ел шығысын азық-түлік өнімдерімен және жанаржағармаймен қамту бойынша автокөлік пен теміржолдағы жүк тасымалында іркіліс жоқ.

Қазіргі күні бөлімше бойынша жолаушылар пойыздары толық тоқтатылғанымен жүк пойыздары үшін шектеу жоқ. Әрине, Семей ЖТ бөлімшесінде құрастырылып, алыс-жақын шетелге жөнелтілетін жүк көлемі жылдағы осы мерзіммен салыстырғанда анағұрлым төмендеген. Оған жаһанды жайлаған індет салдарынан бірінші кезекте экспорттық импорттық операциялардың азаюы себеп болып отырғаны да белгілі. Мәселен, шетелге астық өнімдерін шығаруға шектеу қойылғалы бері қаладағы зауыттардан Орта Азия елдеріне ұн тиеп жөнелту көлемі де шектелді. Сонымен қатар, Қытай елімен арадағы орнаған уақытша шектеулерге байланысты да жүк көлемі азайған.

«Соған қарамастан бүгінгі таңда бөлімше бойынша негізінен транзиттік пойыздар көптеп өтуде. Көршілес Ресейдің Сібір бөлігінде құрастырылып, Иран, Пәкістанға жөнелтілетін пойыздар саны тәулігіне ең кемі 4-5 жылжымалы құрам болады. Ол транзиттік жүк пойыздарын қабылдап-жөнелтуде станциялар басында бұрынғыдай қарбалас та жоқ», - дейді бұл ретте бөлімшенің логистика саласының мамандары. Дегенмен, теміржолшылардың тілімен айтқанда «үй жұмысы» басты орынға шықты. Атап айтсақ, қазіргі таңда бөлімшеге қарасты Жаңа-Семей станциясында тәулігіне ең аз дегенде 6-7 жүк пойызы құрастырылып жолға шығарылуда. Қаладағы кейбір кәсіпкерлерге төтенше жағдай барысында да жұмыс істеуге рұқсат берілген болатын. Осылайша, ішкі тасымал бойынша қозғалыс барысы үзіліссіз жүргізілуде. Негізінен тиелетін тауар түрі – ұн. Бірінші кезекте тұтынылатын тауарлар қатарындағы өнімнің бұл түріне соңғы айларда ел бойынша сұраныс күрт артқан. «Жасыл дәліз» жобасы сәуірдің 18-і күні орын алған облыс көлемі бойынша енгізілген карантиндік шектеулерге байланысты кеңейтілді. Соның аясында бөлімше бойынша түсіріліп жатқан жүк түрінің басым бөлігін азық-түлік өнімдері құрайды. Әсіресе, сүт, жарма өнімдері мол көлемде түсірілуде.

Келіп жеткен тауарлар осынау бірегей жоба аясында алыс аудандар мен шалғайдағы шағын қалаларға ауыр жүк көліктерімен жеткізіледі. Сондай-ақ, аграрлық салаға маманданған аудан-қалалардағы серіктестіктердің, шаруашылықтардың тапсырысы бойынша жанармай өнімі де көптеп жеткізілуде. Жүктердің бұл түрлері бойынша сәуір айында тіпті өсім де байқалған. «Жасыл дәліз» жобасының ішкі тасымалды өсіріп отырғаны даусыз. Ал, жүк тиеу мен 6 мың тонналық ауыр салмақты пойыздарды құрастыруда негізгі күш бөлімшедегі ЖаңаСемей жүк станциясына түсіп тұр. Ертіс үстіндегі 90 жылдан аса тарихы бар теміржол көпірінің күрделі жөндеуден өтіп жатуына байланысты Дегелең, Локоть, Семей, Шар станцияларынан келетін вагондардың басым көпшілігі осында сұрыпталып, жасақталады. Айта кетерлігі сол, осыған дейін бөлімше бойынша салмағы 9 мыңға дейін жететін 60 ауыр салмақты пойыздар құрастырылып жолға шығарылған болатын. Қорыта айтқанда, ішкі тасымал бойынша логистикалық шаралар тың жоспар аясында сәтімен жүзеге асырылуда. 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті