«Бүйір рамасын бақылау» айлығы мәреге жетті

Жаңалықтар
27.04.2020, 14:23
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ҰК»АҚ бойынша бүкіл ел теміржолында былтырғы 23 желтоқсанда жарияланып, төрт айға созылған «Бүйір рамасын бақылау» айлығы 23 сәуірде мәреге жетті. Бүгінде жер-жерде айлықтың нәтижелері шығарылып жатыр.

Бүгінгі таңда «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚның вагон шаруашылығы департаментіне аймақтағы бөлімшелер мен вагон пайдалану деполарынан «Бүйір рамасын бақылау» айлығының қорытындылары жолдануда екен.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Вагон шаруашылығы департаментінің берген мәліметі бойынша, айлық көлемінде бірнеше жоспарлы шаралар қабылданып, орындалған. Атап айтқанда, аталған қоғамның елдегі барлық филиалдарында бөлімше директорларының төрағалығымен комиссиялар құрылып, жұмыс атқарған.

Шараны өткізу кезіндегі 4 ай ішінде комиссия мүшелері өз аумағына тиесілі вагон шаруашылығы бойынша түбегейлі және тыңғылықты тексерулер жүргізген. Барлық вагон пайдалану деполары айлық барысында вагон депосының инструкторлық-командалық құрамы бойынша тәуліктік кезекшілік кестесін жасаған. Вагон пайдалану депосының басшылары техникалық сабақтарды ұйымдастыруда профилактикалық жұмыстар жүргізіп, пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қажетті еңбек жағдайының жасалуын қадағалады.

Командалық-инструкторлық құрам күшімен техникалық қызмет көрсету бақылау қосындарындағы ауысымдарда арбалардың ақауын табу әдісіне қатысты кезектен тыс техникалық сабақтар жүргізілді. Мемлекетаралық түйісу нүктелерінде, атап айтқанда вагондар ауыстырылатын Достық, Ақтау порты станцияларында вагондардың техникалық жағдайына бақылау күшейтілді. Осы ретте әсіресе, арбалардың құйма бөліктерінің жағдайына ерекше назар аударылды.

Басқа мемлекеттердің жүк вагондарын қолдану ережелерінің талаптарына сәйкес келмейтін жүк вагондарын қабылдау және өткізуге тыйым салынды. Техникалық бақылау цехтары жұмысшыларын вагон қабылдап алушылар әр ауысым сайын тексеріп отырды. Қисық жол телімдерінен өту кезінде пойыздар мен құрамды бақылау жөнінен пойыз құрастырушылары мен локомотив бригадаларымен тиісті нұсқаулықтар өткізілді.

Сонымен қатар вагондардың экипаж бөлігіндегі жағдайына, жүкті жылжыту бекітпелерінің шанағы жағдайына баса назар аударылды. Пойыздар тоғысқан жағдайда қарсы бағыттан келетін пойызды тексеруге жіті көңіл бөлінді, әсіресе, аталған жылжымалы құрам ақауына күмән туған жағдайда пойызды тоқтату үшін дереу шара қабылдауға дайындық пысықталды.

Жалпы мамандардың айтуынша, бүйір рамасына арнап 4 айлық өткізу жайдан жай емес. Өйткені бұған дейінгі тәжірибе көрсеткендей бүйірлік рама ақауы өте жиі кездесетін кемшіліктердің бірі. Мәселен, былтыр осы бүйір рамасы ақауынан Қазақстан темір жолы бойынша 11 апатты жағдай болған. Бақылаушы ревизорлар бұл айлықтан тыс уақытта да және бүйір рамасынан басқа да ақаулықтар анықталып жататынын айтады.

Бүйір рамалары ақаулары әсіресе «Уралвагонзауыты», «Бежицк болаты», «Кременчугск болат құю зауыты», «Лугансктепловоз», «Люблин ЛМЗ», «Крюков вагон құрастыру зауыты» сынды өндіріс орындарында жасалған вагондарда көп кездесетінні де жасырын емес.

Қазақстан темір жолы бойынша жарияланған төрт айлықтың қорытындысы туралы алдағы уақытта жариялайтын боламыз.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті