Көктемгі байқау мәреге жетті

Жаңалықтар
28.05.2020, 15:07
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Елдегі төтенше жағдай, карантиндік режим теміржолшыларды дәстүрлі еңбек ырғағынан жаңылдыра алған жоқ. Теміржол бойында қалыпты тірлік: жолаушы пойыздары тоқтағанмен, жүк құрамалары жүріп жатыр. Жылдағы үрдіс бойынша көктемгі комиссиялық байқау да дер кезінде өтті.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығының бұйрығымен биыл көктемгі комиссиялық байқау 30 наурыз бен 25 мамыр аралығында өткізілді.

Тек бір ерекшелігі, елдегі қалыптасып отырған жағдайға байланысты биылғы жылғы байқауды жергілікті теміржол басшыларының өз күштерімен өткізуі жоспарланған.

Қыстан шыққаннан кейін инфрақұрылым нысандарын жазғы жұмыс жағдайына дайындау мақсатында өткізілетін дәстүрлі шараны жергілікті теміржолшылар өз деңгейінде өткізе білді.

Жылдағыдай бөлімше басшыларының қатысуымен құрылатын комиссиясыз, жергілікті желілік басшылар күш біріктіре отырып, тексеру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде, мысалы, тек магистральдық желі саласы бойынша 300 мың кемшілік анықталып, соның 48%-ы жедел түрде жойылған.

Магистральдық желінің ең маңызды бөлігі жол дистанциялары бойынша 21158 км басты жолдар, 6559 км станция жолдары, 19687 бағыттама бұрмалары тексерілген.

Бұл ретте 275 668 кемшілік табылып, соның 46%-ы тез арада қалпына келтірілді. Белгі беру және байланыс саласы бойынша 20218 кемшілік белгілі болып, соның 68%-ы жойылды.

Ал электрмен жабдықтау саласында байланыс желісінің 88 ауданы, электрмен жабдықтаудың 86 ауданы және 75 тартым станциясы тексерілді.

Тексеру барысында 3903 кемшілік табылды және соның 67%-ы бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Ал қалпына келтіру және өрт сөндіру пойыздарының жағдайына келсек, бұл жағынан 153 ескерту беріліп, барлық олқылықтың орны толтырылған.

Сонымен бірге елдегі бүкіл 240 вокзал ғимаратының, 320 жолаушылар платформасының жағдайы тексеріліп, 249 кемшілік табылған екен. Соның 76%-ы бойынша қателіктер жойылды.

Байқау қорытындыларын магистральдық желі бөлімшелері онлайн режимде шығарып, инфрақұрылым нысандарын күтіп ұстау мен анықталған кемшіліктерді жоюға қатысты шараларды жасап шығарды. 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті